Біле жүріңіз

Баспана алуда өзгеріс бар

2024 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойды. Сол заңаға сәйкес, енді «Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, ол тұрғын үйі жоқ ҚР азаматтары туралы тізімді Мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық базаға айналдырады.

Енді баспана кезегіне тұрудың жаңа тәртібіне сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың жаңа базасына ену құқығына соңғы 5 жыл ішінде қандай да бір санатқа жататынына қарамастан, тұрғын үйі жоқ барлық азаматтар ие болады.

Азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бір рет берілетінін атап өткен жөн. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жаңа моделінде тұрғын үйді бөлу есепке қою күніне және кіріс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, заңда сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру құқығын, оның ішінде жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға беру қарастырылды.

Тұрғын үй кезегінде санатына қарай тұрғын үймен қамтылған пәтерлерді жекешелендіру тәртібіне сәйкес азаматтарға беру ұсынылады. «Отбасы банкінің» жаңа функциялары Заңды ресми жариялаған күннен бастап алты ай өткесін күшіне енеді. Оған дейін жергілікті атқарушы органдар кезекке қоюға өтінімдерді қабылдауды, сондай-ақ тұрғын үйді бөлуді бұрынғы тәртіппен жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *