Ауру ауа арқылы жұғады. Вирус сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейінен сыртқы ортаға тарайды.
Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады. Анасы қызылшамен ауырып қойған балада туғаннан 3 айға дейін шалдығу болмайды, өйткені осы уақытта оның қанында сақтайтын анасының қарсы денелері сақталады.
Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда өмір бойы ауруға шалдығу қаупі кез-келген жаста болады. Аурудың асқынуы көбінесе 5 жасқа дейінгі балаларда немесе 20-дан асқан ересектерде болады. Кең таралған түрі – құлақ ортасының қабынуы (отит), бронхопневмония, мойын лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит.
Алдын алу: Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – егілу. Қызылшаға қарсы егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста болғанда жүргізіледі. Екпе 15 жыл бойы тұрақты, сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді. Қызылша пайда болса, ауырған адам болған инфекция ошағында, ұжымда эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.
Инфекция ошағында күн сайын аурумен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеріп, термометрия жүргізеді. Жұқтырған адамдар болса дереу оқшаулайды. Қызылша, қызамыққа және шошқа мойынға (ҚҚП) қарсы екпе бұл аурулардан сақтайды.
Қазақстан Республикасында мектеп оқушылар, жоғарғы және орта оқу орындарының студенттеріне, әскери және медицина қызметкерлеріне қызылша ауруына қарсы қосымша жаппай иммнунизация жүргізілген, бірақ соңғы жылдары қызылша ауруы тағы да тіркелді. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылша ауруына 1 және 6 жас аралығында екі реттік вакцинация жүргізіледі.
Б.Баубекова,
Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы