Шымкент

Оқушылар өз мектебіне оралады

Шымкенттегі №33 жалпы орта мектеп ғимаратына биыл жүргізілген техникалық талдаудың нәтижесінде «апатты ғимарат» деп таныған болатын. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тәуелсіз сараптама жасады. 2024 жылдың 24 қыркүйегіндегі сараптама қорытындысы көрсеткендей, ғимарат «апатты» емес екен. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қ.Қасымұлы атындағы аталмыш білім ордасына арнайы барып, мән-жайды көзбен көріп қайтты.

Мәселенің мәнісімен танысу барысында кәріз жүйесінде ақаулар анықталғаны белгілі болды. Салдарынан қабырғаларда көгеру мен жарықтар пайда болған, алайда бұл ғимараттың сейсмикалық беріктігіне әсер етпейді. Қала әкімі салалық басқарма басшыларына қысқа мерзімде бірінші қабатта ағымдағы жөндеу жүргізіп, кәріз жүйесін жаңартуды тапсырды. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін, қазан айынан бастап оқушылар өз мектебінде білімін қайта жалғастырады.

Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары «Раушан Үкібас» жеке мектебінің ғимаратына, ал 5-11 сынып оқушылары №2 өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *