Uncategorized

Төтенше жағдайдың алдын алу басты назарда

Осы күні апта сайын тұрғындар 112 қызметі арқылы газдан уланып қалмау туралы ескертпе, сақтық шаралары туралы СМС хабарламалар алуда. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев газ баллондарының және газ ауа қоспасының жарылуы оқиғалары жиілеп кеткенін айтады. Қайғылы жағдайдың алдын алу шаралары жаңдана түскен. Шымкенттегі 13 634 жеке тұрғын үй және 277 пәтерлі 15 жатақхана қатты отынмен жылытылады. Қазіргі таңда газ баллон қолданатын аталған үй тұрғындарына департамент мамандары тарапынан «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтау», «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы дайындалған жадынама парақтары таратылуда.

Осының бәрін айтып, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте есеп берген Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев бұл жұмыстардың әлі де жалғаса беретінін жеткізді. Нәтижесі жаман емес. Шымкенттіктер сақтық шараларын ұстануға бейімделіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *