Біле жүріңіз

Шымкенттің ауасы таза ма?

Ластауыш заттар шығарындылары атмосфералық ауа сапасына, экожүйе мен халық денсаулығының тұрақтылығына ықпал етеді.

Республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылатын Шымкент қаласында шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр.  Шымкент қаласы – Оренбург-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік 145 магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз- Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған. Қазіргі өнеркәсіп, сауда және мәдениет орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің  миллион халқымен Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларының қатарында. Ұлы жібек жолының бір бөлігінде орналасқан керуен жолдары қиылысында пайда болған Шымқала Орта Азияның көне қалаларының құрамына енеді және бай тарих пен мәдениетке ие. Шымкент қаласының қазіргі күндегі өнеркәсібінің негізгі салалары болып мұнай өңдеу, химия, жеңіл, тамақ өнеркәсіптері саналады, олардың дамуы мен өркендеуі атмосфера қабатының ахуалынада әсер етеді. Атап айтсақ, металургияны өңдеу саласы, химия және химиялық тыңайтқыш өңдіру салалары «алдыңғы» орында тұр. Ал, өнеркәсіптер бөліп шығаратын зиянды қалдықтардың мөлшері мен олардың атмосфераға таралуын салыстырсақ, тазалағыш қондырғыларының өте нашар жұмыс істейтіндігін байқауға болады. Бұдан басқа, қоршаған ортаға шығарылған зиянды қалдықтар мөлшері өнеркәсіптер шығаратын өнімдерінің мөлшерімен бірдей болады. Өндіріс орындарынан шыққан улы газдардың атмосфераға таралуынан ауаның ластануы көптеген аурулардың түрлерінің таралуына әкеп соққан. Атап айтқанда: рак ауруы, жоғары тыныс алу жолдары аурулары таралып отыр. Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан өндіріс бірлестігі зонасында соңғы жылдары сүйек, жүйке жүйесімен ауыратын адамдардың саны өскен. Шымкент осылайша аса ірі өндірістік қаладан экологиялық әлеуметтік проблемалар қаласына айналып отыр, яғни қаламызда су, жер ресурстарының экологиялық мәселелері өте шиеленіскен жағдайда тұр. Ең бастысы, адамның біртұтас организмінде қалыпта жұмыс ырғағы бұзылған. Өңіріміздің кендік қалалардың бірінде улы ауа уысында қалған адамдардың денсулығы нашарлап, қатерлі дерттердің құрбаны көбейуіне әкеліп соғады.

Қорыта келгенде, Шымкент қаласы табиғат жағдайы қайталанбас, өсімдігінің алуан түрлілігімен ерекшеленетін аумақ болғандықтан, ондағы біртұтастықты сақтау үшін тез арада нақтылы ғылыми негізделген шаралар ұйымдастыру мен оны қолдануды және аймақ табиғатының байырғы көріністерін қалпына келтіруді қажет ететін іс-шараларды біздер өз болашағымыз үшін жүргізуіміз керек.


Н.Сурашова, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы

СЭББ-ның санитариялық- гигиеналық

бөлімінің жетекші маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *