Құқық

Қоғамдық тамақтану, тағам өнімдерін өндіретін нысандарына қойылатын жалпылама санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы

Қоғамдық тамақтандыру типі және мамандануы бойынша ажыратылатын және өндірісті ұйымдастыру және тұтынушыларға қызмет көрсету бірлігімен ерекшеленетін кәсіпорындардан құралған халық шаруашылық саласы болып табылады.

Кез келген қоғамдық орындарда арнайы санитариялық – гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар қойылады. Соның ішінде ең маңызды жәнеде көп көңіл бөлінетіні, ол қоғамдық тамақтанау орындарының санитариялық – гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар болып табылады.

Қоғамдық тамақтану орындарына, тағам өнімдерін өндіретін нысандарына қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптары:

  • нысан қызметінің басталуы туралы хабарламаның болуы және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының (50 орыннан жоғары болса) болуы.
  • тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы;
  • қоғамдық тамақтану және тағам өндіретін нысандағы бөлмелердің ішкі әрленуі ылғалға және залалсыздандыруға төзімді материалдан жасалуы;
  • нысанда орталықтандырылған  ауыз су және кәріз жүйесінің болуы ;
  • нысанның  ыстық және суық сумен қамтамасыз етілуі;
  • жұмыскерлердің жеке бас гигиенасын сақтауға жағдайдың болуы;
  • персоналдың санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі (кем дегенде 3 жиынымен);
  • шикізат өнімдерін (тамақ өнімдеріне т.б.) сақтауда тауарлық көршілестік ережесін және  температуралық режимнің сақталуы;
  • мұздатқыштарда (морозильник), тоңазытқыштарда (холодильник) термометрлердің температуралық режимін қатаң бақылау;
  • шикізаттың және дайындалып, сатылудағы өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың (сертификат, сәйкестік туралы декларация) болуы;
  • қолданыстағы жабдықтардың, ыдыс-аяқтардың жуылуы, залалсыздандырылуы (дезинфекция, дезинсекция, дератизация) іс-шараларының жүргізілуін қатаң қадағалау;
  • өндіретін тамақ өнімдеріне өндірістік бақылау (зертханалық зерттеу) жүргізу;
  • салқын тағам, кремді кондитерлік өнімдерді дайындау орындарында залалсыздандыруға арналған бактерицидтік шамдар орнату; 
  • жұмыс орнында күнделікті және күрделі жинау-тазалау, заллалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;  
  • жұмыскерлердің медициналық қарап тексеруден өтуі және  медициналық кітапшаның жұмыс орнында болуы;
  • гигеналық оқудан өткен, кәсіби дайындығы бар персоналдарды жұмылдыру;
  • жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтау, аранайы киіммен, бір рет қолданылатын қолғаптармен толық қамтамасыз етілуі қажет.

Егер, Сіз егжей-тегжейлі және толыққанды мәлімет алғыңыз келсе төмендегі бұйрықтардан таба аласыз:

 — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы ҚР-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.

— ҚР ДСМ 28.04.2021ж. №36/2021 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.

Жоғарыда көрсетілген санитариялық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жұмыс жүргізуге шақырамыз.

Қоғамдық тамақтану орындары және тағам өндіру объектілері гигиеналық талаптарды сақтауға және оны орындауға  міндетті.

Н.Мамбеталиев

Шымкент қаласы Абай ауданы

СЭББ бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *