Uncategorized

Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі туралы

Балаға ойыншық таңдау – ата-аналардан барынша ұқыптылықты, жауапкершілікті талап ететін жайт.
Балалар ойыншықтарын сатып аларда оның иісіне, түріне, боялуына мән беру керек. Өткір, жағымсыз, бөтен иіс, майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек. Сатып аларда оны оңай тексеруге болады, ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен сүртіп көріңіз, егер сүлгі немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықты сатып алмаған жөн.
Сонымен қатар, балалар ойыншықтарының таңбалануында келесі мәліметтер болуы қажет: атауы, өндіруші елі, жасалған жері, өндірушінің мекен-жайы, импортері, олармен байланысу сымтетігі, өндірушінің тауар белгісі, пиктограммасы, негізгі құрастырғыш материалы (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажеттілігіне сай), ойыншық күтімі (қажеттілігіне сай), шығарылу күні (айы, жылы), сақтау мерзімі, сақтау шарттары (қажеттілігіне сай).
Сатылымға шығар алдында ойыншықтар «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарымен сәйкестендірілуі керек.
Тұтынушыларға кеңес: дүкендерден сәйкестігін растайтын құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды сатып алғандарыңыз жөн. Егер де сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті!

Гүлмира ЖОЛЫМБЕКОВА,

Шымкент қ. СЭБД бөлім басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *