Спорт

ДОП ЖӘНЕ ДОЛЛАР

Футболдан кезекті Әлем чемпионатының аяқталуына да санаулы күндер қалды. 9 шілдеде ширек финал ойындары басталмақ. Биылғы чемпионаттың бұрынғылардан ерекшелігі көп. Ол бірден үш елдің  — АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында өткізілуде. Қатарға 16 команда қосылып, барлығы 48 команда бақ сынауға мүмкіндік алды.

Биыл тұңғыш рет Өзбекстан, Иордания, Кабо-Верде және Кюрасао командалары қатысып, өз ойын өрнегін көрсетті. Әсіресе 500 мың ғана халқы бар аралдық мемлекет Кабо-Верде командасы бірнеше сенсация жасап, жұрттың есінде қалды.

Биылғы чемпионаттың жүлде қоры да өзгеше. Ол 50 пайызға жуық көбейтіліп, 727 миллион долларды құрап отыр. Оның 655 миллионы – таза жүлде сыйлықтары. Қалғаны чемпионатқа қатысқан барлық 48 команданың турнирге дайындық кезіндегі шығындары үшін әрқайсысына 1,5 миллион доллардан төленеді.

Бұл біріншіліктегі командаларға берілетін сыйлықтар көлемі мынадай:

Әлем чемпионы атағын жеңіп алған команда 50 миллион долларға, күміс медаль иегері – 33 миллион, үшінші орын алған команда 29 миллион долларға ие болады. Төртінші орын иегеріне 27 миллион доллар сыйақы беріледі. 5-тен 8-ге дейін орын алғандарға – 19 миллион, 9-дан 16-ға дейінгі  орын алғандарға 15 миллион доллардан бұйырмақ. 17-ден 32 орынға дейінгілерге – 11 миллион, 33-тен 48 орынға дейінгілерге 9 миллион доллардан беріледі. Қысқасы, жүлделі орыннан қағылған командалардың өзі түрлі шығындарға деген 1,5 миллионға қоса кепілді ең аз сыйлықтар – ең аз дегенде 9 миллион доллардан иемденбек.

Ал мұның алдындағы, 2022 жылы Катарда өткен Әлем чемпионатының жүлде қоры 440 миллион доллар болған еді. Аргентина Әлем чемпионы болып, 42 миллион доллар иеленген. Күміс және қола жүлде иегерлері – Франция мен Хорватия құрамаларына тиісінше 30 және 27 миллион доллардан бұйырған болатын. Төртінші орын иеленген Марокко құрамасына  25 миллион доллар берілген. Топтық ойыннан шыға алмағандардың өзі 10,5 миллион доллардан иеленген. Топтық матчтардан аман өткендер 13 миллион доллардан, ширек финалға шыққандар 17 миллион доллардан қалтаға салған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *