Шымкент

ЕМХАНА СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУДАН ҚАЙТАРЫЛДЫ

      

Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан – әділетті қоғам құру» турасындағы тапсырмасын жүзеге асыру барысында Шымкент қаласында заң алдында бәрі де тең құқылы екендігіне дәлел болатын бірқатар нақты шаруалар атқарылуда. Ол жайлы газетіміздің өткен нөмірінде де баяндаған болатынбыз. Соның жалғасындай болып, кешегі аптада тағы бір тың жаңалық жұртшылыққа жетті. Шымкент қаласындағы №2 емхана 2021 жылы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны МКК «AUHAL» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға 15 жыл мерзімге берілген болатын. Сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес серіктестік нысанға 500 млн. теңге инвестиция құюға міндетті еді. Бұл қаражат ғимаратты қайта жабдықтауға, халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмсалады деп көрсетілген.

Алайда бұл міндеттемелердің бірі де орындалмағаны көзге көрініп тұр. Десе де қала әкімінің тапсырмасы бойынша мамандар айтылған талаптардың орындалған, орындалмағанын анықтау үшін құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен сараптама жасады. Арнайы құрылған бұл жұмыс тобы мәселені егжей-тегжейлі тексерді. Анықталғанындай нысанды басқаруда айтарлықтай заңбұзушылықтар бар екен. Сенімгер басқарушыға анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы хат жолданды. Алайда, ұйым тарапынан орын алған кемшіліктерді жою шаралары қабылданған жоқ.

Қала әкімдігі шартты сот тәртібімен бұзу туралы талапқа бастамашы болды. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл талапты қанағаттандырды. Жуырда аудиторлық тексеру жүргізу, сондай-ақ халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында медициналық техниканы жаңарту жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *