Шымкент қаласының Еңбекші ауданында 2024 жылдың І жартыжылдығында 34 өрт дерегі тіркелген (2023 ж.-15). Салдарынан 1 адам қайтыс болып, 6 адам түрлі дәрежеде зардап шекті. 44 млн. теңге материалдық шығын келгенін де айта кету керек. Осы орын алған өрттердің 54 пайызы тұрғын үйлерде, 16 пайызы автокөліктерде, 30 пайызы басқа да нысандарда орын алды.
Өрт шығу оқиғаларының негізгі себептері — электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуда. Опық жеп қалмас үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн. Ол үшін электр сымдары мен құралдарының жағдайын үнемі бақылауда ұстау қажет. Электр қондырғыларының барлық тоқ жүргізу бөліктері, тарату құрылғылары, аппараттары мен өлшеуіш аспаптары, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандыру құрылғылары, ажыратқыштары және барлық өзге де іске қосатын аппараттары мен аспаптары тек жанбайтын негізге (мрамор, текстолит, гетинакс) орнатылса. Сымдар мен кәбілдердің талсымдарын жалғау, ұштау және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнайы қысқыштар көмегімен жүргізу керек. Олардың талсымдары жалғанатын және тармақталатын жерлері, сондай-ақ жалғаушы және тармақтаушы қысқыштар осы сымдар мен кәбілдердің тұтас жерлері талсымдарының оқшаулағышына тең етіп оқшаулауды ұмытпаңыз. Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ, оған балаларды жақындатпаңыз. Зақымдалған электр сымдары мен құралдарын пайдаланбау керек.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау — сіздің өміріңізді сақтайды, мүлкіңізді өрттен қорғайды.
Т.Уркимбаев,
Еңбекші ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі.