Uncategorized

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ӨНДІРІСТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің бірі болып табылады. Осы санитариялық қағидаларда меншік нысанына қарамастан барлық объектілерде, оның ішінде білім беру және тәрбиелеу объектілері үшін өндірістік бақылау жүргізуге қатысты қажетті талаптар көрсетілген. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісі (объектілері) – дара және заңды тұлғалар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын ғимараттар, құрылыстар, бұйымдар, қызметі, пайдалануы, тұтынуы, қолданылуы және пайдалануы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін жабдықтар, көлік құралдары, топырақ, су, ауа және басқа да объектілер;
Өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.
Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың (өзін-өзі бақылаудың) тиімді жүйесін әзірлейді, құжаттамалық ресімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында ұстайды.

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернат ұйымдары, сауықтыру объектілері: өндірістік бақылау микроклиматты, ауа ортасын, физикалық факторларды, топырақты, азық-түлік (тамақ) шикізатының, жартылай фабрикаттардың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін, суды химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, сондай-ақ ұйымның санитариялық жағдайын бағалау кезінде санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштерді зертханалық зерттеуді, жүргізілетін профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстардың тиімділігін бағалауды қамтиды. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін оқу-тәрбиелеу, дене шынықтыру-сауықтыру, емдеу-сауықтыру қызметін және мәдени демалысын жүзеге асыратын, оның ішінде жалпы, орта және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жыл бойғы балаларды сауықтыру ұйымдарында (бұдан әрі – БСҰ) өндірістік бақылаудың тәртібі мен мерзімділігін БСҰ басшысы және тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті беруші (бар болса) айқындайды.

Объектіде өндірістік бақылауды жүзеге асыру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптардың сақталуын өзін-өзі бақылау әдістерінің бірі болып табылады. Санитариялық-эпидемиологиялық саламатылық саласындағы барлық қажетті талаптарды сақтау аурулардың алдын алуға, балалардың физикалық және психикалық дамуына ықпал етеді, дені сау ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасайды.

А.У.Дербисова, Шымкент қаласы Қаратау ауданының СЭББ бөлім басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *