Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте Қошқар ата өзені жағалауында санитарлық тазалық шаралары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға Тұран ауданы коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары атсалысты.
Кремлевская көшесі мен Абай көшесі аралығындағы өзен бойы қоқыстан тазартылып, жасыл желектер қалпына келтірілді. Қураған шөптер орылып, өзенге түскен тұрмыстық қалдықтар сыртқа шығарылды. Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника мен 100-ге жуық маман жұмылдырылды.