Uncategorized

232 мың бала демалады

«Бар жақсылық балаларға» деп ұрандатқан, өмірдің мәнін сапалы ұрпақ тәрбиелеумен тікелей байланыстырған халықтың ұрпағымыз. Осыны ұғынған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің кішкентай тұрғындарын әлеуметтік қолдау, білім беру және денсаулықтарын сақтау салаларын дамыту бойынша үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын. Онда балалардың жазғы демалысына да айрықша көңіл бөлініп, ұтымды етіп ұйымдастыру тапсырылған. Соған сәйкес, елімізде балалардың жазғы демалысы 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары аясында ұйымдастырылуда. Арнайы республикалық және өңірлік штабтар құрылған-ды.

         Шымкент қаласының әкімідігі мен білім басқармасы да бұл мақсаттағы шаруадан шет қалып отырған жоқ. Қаладағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 232 мыңнан астам оқушысын жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 9 494-і жергілікті бюджеттен, 9 440-ы демеушілер есебінен және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы лагерьлерде және 213 400 шәкірт мектеп жанындағы алаңдарда демалады. «Осы кезге дейін мектеп алаңдарында 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылды. Сонымен қатар, қала сыртындағы 7 лагерде, атап айтқанда, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және «Арыс», «Машат — Арасан», «Гаваи» және «Тур база» лагерлерінде ауысыммен демалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар 20 маусымнан бастап Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Көлкент елдімекенінде орналасқан Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік «Ақсу» лагерінде ұйымдастырылуда. Балалар үйінің 114 тәрбиеленушісі қала сыртындағы «Үшбұлақ» лагерінде демалысын жалғастыруда. Бұл шаралар оқу жылының басталуына дейін ұйымдастырылады», — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметтерге жүгінсек, елімізде бүгінгі таңда 6,8 миллион бала тұрса, оның 3,1 миллионы мектеп жасындағы оқушылар екен. Міне, осы оқушылардың 92 пайызы, яғни 2,9 миллион бала жазғы демалыстарын 10 мыңнан астам түрлі балалар сауықтыру орталықтары мен лагерьлерде өткізеді. Мектеп оқушыларының сапалы әрі мазмұнды демалуы үшін 120 мың педагог-ұйымдастырушы арнайы даярлықтан өтті, оларға 12 мыңнан астам студент пен ерікті көмекке келеді.

Жазғы демалысын қызықты өткізіп, сапалы демалған баланың миы да тынығып, алдағы оқу жылында жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деген үміттеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *