Қоғам

Әуежай автотұрағы — ақылы

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифинг кезінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жұртшылық тарапынан қойылған сұраққа орай мына жай туралы да айта кетті:

Бүгінде Шымкент әуежайының жаңа терминалы алдындағы автотұраққа инвестор бірнеше аумаққа бөліп автотұрақ салып жатыр. Жолақтар арасы – екі метрден. Бірінші зонада көлік 15 минуттан артық тұрса, иесі 10 мың теңге төлейді. Яғни көлікті 15 минутқа тегін қоюға болады, ары қарай – ақылы. Өйткені ол – ішке кіруге ең жақын жер. Келесі жолаққа кіретін болса, онда 15 минуттан кейін ақысы сағатына 2000 теңге болып есептеледі. Көлікті одан кейінгі, жалпы тұраққа қойса, 12 сағатқа дейінгі ақысы – 200 теңге, бір күн бойы тұрса 3000 теңге, одан кейін де тұрар болса, тәулігіне 2000 теңгеден төлейді.

Әуежайдағы автотұрақ мәселесі осылай реттеліп жатыр. Заңға қайшылық жоқ, меншік иесі инвестордың автотұрақты ақылы етуге құқы бар.

Д. ОРАЗ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *