Біле жүріңіз

ҚАРАШАДА ҚАР БАР

Күздің соңғы айы да басталып кетті. Алдағы ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» республикалық ауа райын болжау орталығының Оңтүстік өңірге қатысты алдын-ала жасаған айлық болжамында мынадай жайлар айтылады:

Қарашада орташа айлық температура қалыптасқан шамадан 1 градустай жоғары, яғни +1,9 +7,6 градус аралығында болады. Бірінші онкүндікте түнде 0+5 градустан +5+10 градусқа, күндіз +10+15 градустан +17+22 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда түнде -3 градустан 0 градусқа дейін, күндіз +7 градустан +14 градусқа дейін жоғарылайды. Бұдан кейін күн райы аздап суытады: ауа температурасы түнде -2-7 градусқа дейін, күндіз +5+10 градусқа дейін, таулы аймақтарда 0 градусқа дейін төмендейді.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 0+5 градустан, таулы аймақтарда түнде -3 градустан -6-11 градусқа, күндіз +10+15 градустан +1+6 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің екінші жартысында күн райы аздап жылынады.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 0+5 градустан -2-7 градусқа дейін, күндіз +10+15 градустан +5+10 градусқа дейін төмендейді.

Жаңбыр бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің басында және үшінші онкүндіктің соңында жауады деп болжанған. Бірінші онкүндіктің соңында жауын-шашын болып, арты жылбысқы қарға ұласуы мүмкін. Екінші онкүндіктің басында қар, ал соңында жауын-шашын, жылбысқы қар жауады деп күтіледі. Мұндай ауа райы үшінші онкүндіктің басында да жалғаспақ. Жалпы, жауын-шашын мөлшері осы айға тән қалыпты шамада болады.

Жолға шығатын, тауға шығатын жандар үшін есте ұстар жай: Бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің басы мен соңында және үшінші онкүндіктің соңында тұман түседі деп болжанған.

Бұл айда да желді күндер бар. Бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің басы мен ортасында және үшінші онкүндіктің ортасында қуаты секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады. Үшінші онкүндіктің басында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Бұл – бір айға алдын-ала жасалған консультативті болжам. Сондықтан айтылған жайлардан қандай да бір ауытқулар орын алып жатса, оған таңқалудың жөні жоқ. Өйткені ауа шекарасыз, кез-келген уақытта құбылып кетуі ғажап емес. Сондықтан «қыстың қыр астында» екенін есте сақтап, маусымға сай киініп жүрген дұрыс болмақ. Үйіңізді де жылы ұстауға тырысыңыз.

Д. НҰРПЕЙІС.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *