Шымкент қаласының бюджет көлемі 30 миллилард теңгеге ұлғайтылмақ. Мұндай ұсыныс сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының он тоғызыншы сессиясында көтерілді. Осылайша қала қазынасы 735 милилард теңгеден 764 миллиард теңгеге дейін артатын болды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессияның күн тәртібінде 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралған. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев өз баяндамасында аталған қосымша қаражат халықтың өзекті мәселелерін шешуге жұмсалмақ екенін жеткізді. Сонымен қатар, қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә.Оңғар шаһар аумағын абаттандыру бойынша экологиялық қолайлы және тартымды орта құру бағытындағы жұмыстардың қағидасын бекітуді ұсынды. Ұсынысты талқыға салған депутаттар қаланың тыныс-тіршілігі үшін тиімді де маңызды шешімдер қабылдады.