Uncategorized

Қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар

Жаз – шомылу маусымы. Әсіресе, ала жаздай аптап ыстығы басылмайтын оңтүстік өңірде тұрғындар салқындау үшін суға жиі түсуге мәжбүр. Міне, осы уақытта сақтық шараларына аса мән берген жөн. Нақтырақ айтқанда, азаматтар текжабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылу керек.

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін, сонымен қатар мына төмендегі ережелерді біліп және оны сақтау аса маңызды: шомыла білмейтіндер белдеріңізден жоғары келетін суға түспеңіздер; шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар; жағадан алыс, қойылған арнайы белгіден ары жүзіп кетпеңіздер; жүзе білмей дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар; жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар; қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер; суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін; түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар.

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтыру лагерлерінің, туристік фирмалардың және демалыс орындарының басшылары! Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде, үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұсқат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрацтармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

Азаматтар, суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы жазғы демалыс қайғылы болмайды. Естеріңізде болсын! Егер де Сізбен қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса шұғыл түрде «112» құтқару қызметінің телефонына хабарласыңыздар!

Ж. Адиханов,

Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының

азаматтық қорғаныс тобының аға лейтенанты.                                                                    

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *