Әлеумет

Ауылға барсаң миллионер боласың

Қазіргі қоғамда ауыл-аймақ медицинасына қатысты айтылатын сын өте көп. Басты проблема ауылдағы аурухана мен емханаға білікті мамандардың бармайтыны. Оқуды жаңа бітірген жас маман дәрігерлер де көбіне мегаполис қалаларда қалғанды жөн санайды. Себебі, ауылдағы медициналық ұйымда қажетті заманауи құрал-сайманның жоқтығы, жас маманға қамқорлықтың аздығы маман тапшылығын тудырып отыр. Енді бұл проблеманың да шешімі табылған сияқты.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ауылға дәрігер боп барғандарға 2024 жылдан бастап 9 миллион теңге берілетінін айтты. Яғни, жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың жалағысы 1500 АЕК-тен 2500 АЕК-ке дейін көтеріледі. Бұл жас мамандарға ауылдан өзіне үй алып немесе басқа да әлеуметтік жағдайын жақсартуы үшін берілетін қаржылай көмек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *