Дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бар.
Дератизациялау кеміргіштерді жою және олар қоныстанған объектілерді олардан босату мақсатында немесе олардың санын инфекциялық аурулардың кеңінен таралуын және айтарлықтай экономикалық шығынды болдырмауды қамтамасыз ететін ең аз деңгейде тұрақты ұстап тұру үшін жүзеге асырылады. Дератизациялау мынадай типтерге бөлінеді: 1) профилактикалық дератизациялау – кеміргіштердің қоныстануы мен көбеюі үшін қолайсыз жағдайлар жасалады. Санитариялық-техникалық, жалпы санитариялық және агротехникалық шаралармен қатар:
жаппай дератизациялау – бір мезеттік (бір реттік) дератизациялау, жекелеген елді мекендерде немесе учаскелерде жылына 1-2 рет барлық елді мекеннің аумағында жүзеге асырылады. Бұл объектілерді кеміргіштерден толығымен босатуға немесе кеміргіштер одан әрі инфекциялық аурулардың таралуына ықпал етпейтін деңгейге дейін олардың санының тұрақты төмендеуіне әкеледі. Жаппай дератизациялау барлық үй-жайларда, ғимараттарда, аумақтарда күрестің әдістері мен құралдарын бір уақытта пайдалануды көздейді.
тосқауылды дератизациялау – белгілі бір аумақтың айналасында қорғау аймақтарын құру үшін кеміргіштердің барынша көп көшіп-қону белсенділігі кезеңінде (көктем, күз) жүргізіледі. Кеміргіштерден осылай өңдеу ғимараттардың айналасында, орман аймағында, турбазалардың, лагерьлердің, жазғы дәмханалардың, саяжай алқаптарының аумақтарында, халықтың жаппай серуен жасау аймақтарында, саябақтарда, скверлер мен бақтарда, қоқыс контейнерлерінде жүзеге асырылады);
Қаптамаланбаған тамақ өнімдері бар үй-жайларда сусымалы улы қармақжемдерді қолдануға тыйым салынады.
Адамдар қоныстанған үй-жайларда дератизациялау аяқталғаннан кейін уы бар қармақжемнің барлық қалдықтары кәдеге жарату мақсатында жиналады. Балалардың және үй жануарларының қолы жетпейтін орындарда қармақжем қорғалатын объектіге кеміргіштердің қоныстануын болдырмау үшін қалдырылады.
2) қармақжемді қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қармақжемді қою технологиясын сақтау;
4) әртүрлі материалдарды сақтайтын барлық орындарда еденнен кем дегенгенде 15 см биіктікте тұратын стеллаждармен жабдықтау;
7) ғимараттар мен үй-жайларға кеміргіштерді кіргізбеу қағидаларын сақтау;
Ұ.Жарбақұлова,
Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы.