Біле жүріңіз Шымкент

Өрт қауіпсіздігі басты назарда


Базарлар мен сауда қатарларында орын алып жататын төтенше жағдайлар, өрт шығу оқиғалары елді біршама әбіргерге салып қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіретіні де жасырын емес. Мұны бәрі де заңсыз салынған сауда нүктелеріндегі өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайдың алдын алу шараларына лайықты болмауынан туындайтыны рас.

Міне, осындай олқылықтардың орын алмауы үшін Шымкент қаласының әкімдігі қала аумағындағы базарлардың ҚР-ның «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңында көрсетілген талаптардың сақталуын тексеруді бастаған. Заңда айтылғандай сауда орындары құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіріліп, модернизациялаудан өтуі керек. Бұл өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған ең тиімді жол.

Осы талаптарды орындау үшін қазіргі таңда Шымкенттегі 19 базардың барлығы да тексерілді. Оның ішінде 15 базарда, атап айтқанда «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай», «Акбар», «Ынтық ата», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек Жолы», «Жаңа шахар», «Назым апа», «Көмеш бұлақ», «Нұр Сайрам», «Дархан», «Айна» базарларында модернизациялау жұмыстары аяқталып отыр.

Ал 4 базарда («Авто Нұр», «Қырғы базар», «Алаш», «Самал») модернизациялау жұмыстарын жүргізу туралы Жол картасы бекітілген. Осыған сәйкес «Алаш», «Самал» базарларын заманауи талапқа сай жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталатын болады. «Авто Нұр» мен «Қырғы базар» базарларында бұл бағыттағы құрылыс 2025 жылдың соңына дейін жалғаспақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *