Шымкент

 АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

           

Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша Шымкент аумағындағы республикалық маңызға ие тарихи-мәдени және сакралды нысандардың бірі — Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелерінің айналасын тазартып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ибрагим ата кесенесінің аумағында санитариялық-гигиеналық торап салынып, ескі орындықтар жаңартылды және жаңа навигациялық туристік тақтайша орнатылды. Қарашаш ана кесенесі аумағы да реттеліп, санитариялық-гигиеналық тораптың құрылысы басталды. Бұйыртса, қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Қосымша жаңа навигациялық туристік тақтайша, жаңа орындықтар және жарық шамдары орнатылды. Жаңадан орнатылған ақпараттық тақтайшалар халықаралық туристік навигациялар үлгісінде әзірленген, яғни, 3 тілде нысан жайлы аудиогид орналастырылған және мүгедек жандарға арналған тактильді алфавитті нысан анықтамасы бар.

Айтпақшы, бұл жұмыстар демеушілер есебінен жүргізілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *