Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Баланың тұсауын кім кесіп жүр?


Жаратушы Алла Тағала жер бетінде қанша ұлт жаратса, сонша салт бар екені бесенеден белгілі. Біздің айтайын дегеніміз бабадан балаға мұра болып жеткен, қазақ халқының өнегелі салт-дәстүрлерінің дүние дүрбелеңімен өзіміз танымастай өзгеріске ұшырауы. Алдымен қоғамда біраз пікірталас тудырған тұсаукесер дәстүрінен бастасақ.

Қаз-қаз қадам басып жүруге талпынған бүлдіршіннің тұсауын кесуді ата-бабаларымыз бала өміріндегі алғашқы қуаныш тойларының бірі санаған. Күрмеуін шешіп, тұсауын кескен сәттен баланы өлшеулі ақ матаның үстімен жүргізу, алдына әртүрлі заттар қойып, қайсысын таңдар екен деп қадала қарап тұрмаған дәстүрімізде.

Дәстүр демекші балаға әлгі әртүрлі заттарға таңдау жасату кәріс халқының бала 1-жасқа толғанда жасайтын үрдісі екен. Кірме дәстүр қазақ ұлтының қалыптасқан салтына да салқынын тигізген. Көршілес өзбек ұлтынан да дәстүрімізге кірмелеп кіріп, дендеп алған көріністер көп. Ол өз алдына бөлек әңгіме, тұсау кесерді түйіндесек.

Баланың тұсауын кімге кестіріп жүрсіз? Ағайынның арасындағы сыйлы, туыстың ішіндегі беделді кісіге қолқа салушы еді бұрыңғылар. Дәстүрдің де, діннің де дәріптейтіні осы туыстық қарым-қатынас емес пе… Ендеше неге біз жақсыны жаттан іздейміз, жақыныңнан алыстап. Қадамын аттап пұттап жаңа басқан сәбиге таңдау жасатып, өз дегенімізге көндіргенше бата беріп бақытын тілейікші балалардың.

Шымкентте республикада баламасы жоқ Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы бар. Көкейдегі көп сауалға осы орталықтан жауап табу оңай. Салт-дәстүрді дәріптеп қана қоймай, жөн-жосығын көрсетіп, кеңес беретін мамандар да табылады. Келіп, көріп қайтыңыз….

Ақмарал ЛЕУБАЕВА, ақын, композитор,

Әдет ғұрып және  салт дәстүр орталығының аға ғылыми қызметкері.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *