Қоғам

Шымкенттің дәрігерлері — мықты

Шымкентте дәрігер мамандарды даярлау, қайта даярлау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. 2023 жылы 183 миллион 149 мың теңгеге 48 маман қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өткен. Израильде –16, Түркияда 32 маман біліктілігін арттырған. 2024 жылы  201 миллион 990 мың теңге бөлінген, 165 маман біліктілігін арттырған. Ресейде – 45, Ресейден келген тәлімгерлердің қатысуымен 120 маман шеберлік сыныптарына қатысқан. 2025 жылы маман кадрлардың кәсіби деңгейін арттыруға 381 миллион 894 мың теңге қаралған. 374 маманды біліктілігін арттырудан өткізу жоспарлануда. Оның ішінде Ресейде – 19, Белоруссияда – 2, Литвада 33 маман өтеді. Шетелдік тәлімгерлерді тарта отырып, ресейліктердің қатысуымен 250 маман, Беларусьтен келгендердің қатысуымен 40 маман, Литвадан келгендердің қатысуымен 30 маман – барлығы 320 маман толығымен біліктілік курстарынан өтетін болады.

Екі күрделі ота жасалды

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шараларының нәтижесінде таяуда қаладағы №1 клиникада уролог дәрігер несептас ауруына шалдыққан науқасқа отаны сәтті жасағанын мәлімдеді. Мұндай ота қалада алғаш рет жасалып отыр. 36 жастағы науқас ұзақ уақыт бойы есепте тұрған, бірнеше ота жасалса да дерті асқына берген. Бұл жолы дәрігерлер заманауи әдіс қолданып, 1 сантиметр тілік арқылы тасты алған, жойған.

Сондай-ақ №2 ауруханада дәрігерлер аяқ тамырлары бітелген, ампутация жасалмақ болған 52 жастағы науқасты мүгедек болудан аман алып қалды. Оның сол жақ аяғының артериясы қабырғасына қақ тұрып, толық бітеліп қалған, сүйектің шіру қаупі туған. Сәтті жасалған отаның нәтижесінде оның  аяғының қан айналымы қалпына келтірілді. Қазір науқастың жағдайы жақсы.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, бүгінде Шымкенттің Металлистер  көшесіндегі салынғанына жарты ғасырдан асқан №1 қалалық клиникалық ауруханада да күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр. Оған 2,9 миллиард теңге қаржы бағытталған.

Д. ОРАЗ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *