Әлеумет

МІНДЕТТЕР САРАЛАНЫП, ТАПСЫРМА ТИЯНАҚТАЛДЫ

Созақ – донор аудан есептеледі. Облыстағы ірі кәсіпорындардың біршамасы осы теріскейде орналасқан. Соның арқасында аудан тұрғындарының әл-ауқаты жыл санап артып келеді. Ал аудан басшылығы жұмыстың одан әрі жандануы үшін барын салып еңбек етуде.

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен межеленген индикаторлардың орындалу барысын ұдайы бақылау ұстап отырғаны осы сөзімізге дәлел бола алады.

Жуырда өткен осындай кезекті бір жиында аудан әкімінің салалық орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді саралады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан басшысы әрбір саладағы жұмыс қарқынына жеке-жеке тоқталып, индикаторлық көрсеткіштердің орындалу деңгейіне жан-жақты талдау жасады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, инвестиция тарту және өзге де маңызды бағыттардағы атқарылған жұмыстар мен жоспарлы межелердің орындалуы қаралды. Жауапты бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері өз салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндап, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәлімдеді. Мәжіліс барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның тұрақты дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Әрбір көрсеткіштің орындалуына жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарға тоқталып, межеленген міндеттердің толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Жауапты бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне жоспардағы көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, кемшіліктердің алдын алу және жұмыс қарқынын күшейту жөнінде тапсырмалар жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *