Біле жүріңіз

Темекі өнімдеріне қойылатын талаптарды түсіндіру


Қазіргі таңда темекі өнімдерінің көптеген түрлерін кездестіруге болады. Олардың сыртқы көрінісі темекіге ұқсайды, көпшілігінде батарея, қыздыру элементі және арнайы сұйықтыққа арналған орын бар. Жоғары температура әсерінен қызып, сұйықтық буға айналады да, темекі шегетін адам буды деммен жұтады.
Осы будың құрамында глицерин, пропиленгликоль, хош иістендіргіш компоненттер, химиялық никотин, формальдегид т.б. канцерогендер бар. Осылардың әсері адам ағзасында бүйрек пен ми қызметінің бұзылысы, орталық жүйке жүйесіне теріс әсер ету, демікпе, аллергиялық реакциялар, қатерлі ісік ауруының дамуына ықпал етеді.
Темекі өнімдерінің қаптамасында оны қолдан жасау және қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын арнайы маркалар (акцизді) жазылады.
Темекі өнімдерінің қаптамасында төмендегідей ақпарат көрсетілуі тиіс:

  • Темекі бұйымы түрінің атауы;
  • Темекі өнімінің атауы;
  • Дайындаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның немесе импортердің атауы, оның орналасқан жері;
  • Сүзгінің болуы туралы мәліметтер (сүзгісі бар темекі өнімдері үшін);
  • Темекі өнімдерін тұтынудың зияны туралы ескерту;
  • Дана саны (дана темекі бұйымдары үшін) немесе таза салмағы (г) (таразы темекі бұйымдары үшін) туралы мәліметтер;
  • Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі;
  • Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен темекі бұйымының ең жоғары бөлшек бағасы, дайындалған айы және жылы туралы мәліметтер. Көрсетілген мәліметтердің үстіне тұтынушылық қаптаманың қандай да бір элементтерін (мөлдір орау пленкасын қоспағанда) жағуға немесе маркаларды жапсыруға жол берілмейді;
  • жүйелік улы, канцерогенді және мутагенді заттар туралы ақпарат.
    Тұтынушы қаптамасына жазылған ақпарат сенімді және тұтынушыларды адастырмауы керек, анық, түсінікті, оқуға оңай, өшірілмейтін, климаттық факторларға төзімді әріптермен немесе белгілермен жазылуы тиіс.
    Ә. Төлебаев — Шымкент қ. СЭБД басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *