Uncategorized

Бір сағат қорқор тартқан адам 200 есе түтін жұтады

Қорқор (кальян) дегеніміз темекі сияқты табакты тартуға арналған құрал. Қорқор парсы тілінен аударғанда жұтатын түтінді сүзгіден өткізетін және салқындатып отыратын, шегуге арналған құрал дегенді білдіреді.
Никотин шегетін ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін, адамға 20-80 минут қорқор тартуға тура келеді. Бір сағат қорқор тартқан адам, бір темекі тартқан кездегіден 100-200 есе артық түтін жұтады. Сондай-ақ оның өкпесіне, никотин мен зиянды заттардың аз болғанына қарамастан, тұншықтырғыш газ көп мөлшерде түседі. 45 минут бойы қорқор шеккен адам тұншықтырғыш газды, бір қорап шылым тартқан адамнан көбірек жұтады. Оны тарту кезінде көбірек күш жұмсауға тура келгендіктен, түтін өкпенің терең тұстарына кіріп кетеді екен.
Әдетте қорқорды бірнеше адам болып тартады, яғни қорқордың мундштук деп аталатын сору түтігін бірнеше адам пайдаланады. Гигиеналық тұрғыдан бұл өте зиянды. Сілекей арқылы таралатын гепатит, герпес, туберкулез сияқты сырқаттардың жұғуына ықпал етеді. Сонымен қатар қорқор айналадағы адамдарға зиянын тигізеді. Қорқор шеккен адамның жанында отырғандар сол адамның өзінен гөрі көбірек уланады.
Қорқор сұйығында ауыз құысының инфекциялық аурулары гингвивиттер, пародонтоз бен ойық жараларды туындайтын бактериялар жиналады. Бірреттік түтікшілер құтқармайды, өйткені бактериялар қорқордың түтігінде де, қуысында да «тіршілік етеді». Қорқорды тарту кезінде түтікшені бір-біріне ұсыну дәстүрі «А» гепатит, туберкулез, ұшық сияқты инфекциялар мен басқа да вирустық аурулардың тарауына ықпал етеді. Қорқордың зияны мұндай жағдайларда аса қауіпті болады. Қорқордың құрамында никотиннен басқа, адамның геніне кері әсер ететін бензопирен деген улы зат бар. Бензопирен – адам ағзасында қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етеді.

Д. Алиасқар, Әл-Фараби СЭББ бас маман.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *