Мәселе

Киімі, дәптері жоқ оқушы қалай сабақ оқиды?

Есік қаққалы тұрған тамыз – оқу-
шыларды мектепке дайындайтын ай.
Киімін, оқу құралын түгендеу керек.
Соған байланысты күн ыстықта сауда
қазаны да қайнап, сауда орындары құ-
мырсқаның илеуіне айналады.
Қоғам болғасын əр отбасының,
əр ата-ананың əлеуметтік ахуалы əр
алуан. Бірі сапалы киімдерді ғана таң-
дап алса, бірі ең арзандарына да қол
жеткізе алмай қиналады. Мұндайда
демеушілердің қол ұшын созатыны үр-
діске айналған. Үкіметтің қаулысына
сай атаулы əлеуметтік көмек алатын
отбасылар да бар. Көмекке мұқтаж от-
басылар əлі де көп. Тіпті, банктен несие
алып, баласын мектепке дайындайтын
ата-аналар аз емес. Əйтеуір перзентін
қатарынан қалдырмауға тырысады.
Осындайда қолында билігі бар аза-
маттар тұрмыстық ахуалы төмен от-
басыларды алалауға жол бермесе екен
дейміз. Бұл олардың наразылығын ту-
ғызары анық.
Мəселен, редакциямызға Кентау қала-
сынан хабарласқан оқырманымыз Рəзия
Мұхамедова (суретте) жанайқайын былай деп жеткізеді:

«Мен жалғыз басты
анамын. Оны дəлелдейтін құжаттарым
бар. Жасым елуден асып кеткендіктен еш
жерге жұмысқа қабылдамайды. Қала əкі-
мінің қабылдауында бірнеше рет болдым,
мəселе шешілген жоқ. Атаулы əлеуметтік
көмек алуға да құжат дайындадым, қолы-
ма тиген емес. Мемлекет тарапынан түр-
лі гранттар беріліп жатыр, ол да бізге
бұйырмай жүр. Əкімдікке қарасты бөлім-
дер уақытша жұмыспен қамтып болса да
қол ұшын бермейді. Сонда мен не істеуім
керек? АƏК алмаған соң баламды мектеп
киіндірмейді. Балам қаладағы №16 мек-
тепте оқиды, ол жердің əлеуметтік педа-
гогы қалалық білім бөліміне нұсқады. Қа-
лалық білім бөліміндегілер «мектеп шеше-
ді» деп мектепке жұмсайды. Қашанғы екі
ортада допша домалап жүрмекпіз? Биыл
ұлым жетіспеушілік салдарынан бас-
тауыш сыныпты бітірушілерге арналған
шараларға да қатыса алмады. Енді жаңа
оқу жылында сабаққа киіп баратын киімі
жоқ. Былтырғысы кішірейіп қалған».
Ашынған ананың жанайқайын Кентау
қалалық білім бөлімінің басшысы Əділ
Əуелбековке жеткіздік. «Кентау қалалық
жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдар-
ламалар бөлімінен кім АƏК алса, ол арна-
йы базадан көрініп тұрады. Сол отбасылар-
дың балаларының киіміне қаржы қарас-
тырылады. Оған енбегендерге мектептің
қамқоршылық кеңесінің шешімімен «Мек-
тепке жол» акциясы арқылы көмектесуге
болады. Бірақ оның да тізімі жасақталып
қойды», – дейді бөлім басшысы.
Жасыратыны жоқ, АƏК-тің тізіміне
оған шын мұқтаж жандар емес, жеке мен-
шігінде тойханасы мен бассейні бар бақуат
адамдардың да еніп кеткенін естігенде
амалсыз жаға ұстайсың. Бұл жағдай дəл
осы Кентауда орын алғанын көпшілік ай-
тып жүр. Салдарынан қалталы азаматтар-
дың балалары тегін киім алып,
ыстық тамақ ішсе, Р. Мұхаме-
дова секілді мұқтаж жандардың
перзенттері барлық көмектен
тыс қалып қойған. Өкінішке қарай, мұн-
дай келеңсіздік бір Кентау-
да емес, облысымыздың
өзге аудан-қалаларында да
кездесетіні талассыз. Осы
жайтқа қатысты Облыстық
білім басқармасының бас-
шысы да пікір білдергін
екен. «Үкіметтің №64 қау-
лысында қарастырылған
санаттағылар білім қоры-
мен көмек ала алмайтын
болса, онда көп балалы ата-
-аналарға жəне күнкөрісі
төмен, басқа да қиын жағ-
дайларға душар болған балаларға «Мектепке жол» акциясы арқылы көмек
берілетін болады», – дейді басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы.
Əрине, «Мектепке жол» акциясы қаншама ата-анаға демеу болып, қуа-
нышқа бөлеп келе жатқаны рас. Алайда, бұл бюджеттің емес, қайырымды
жандардың тарапынан берілетін көмек. Сол себепті бұл акция арқылы тұр-
мысы төмен барлық отбасының балалары толығымен киім-кешекпен, оқу
құралдарымен қамтамасыз етіледі деп сеніммен айту қиын. Бұл акцияға ілі-
ге алмаған оқушылар ертең сабаққа қалай бармақ? Осы секілді олқылықтар-
ға жол бермес үшін АƏК алатын отбасыларды анықтауда «бармақ басты, көз
қысты» əрекеттерден барынша аулақ болып, шынайы мұқтаж жандардың
көмек алуына көңіл бөліну керек. Обал-сауапты ойлаған адам мұндай қитұр-
қылықтан бойын аулақ ұстаса керек-ті. Ал байларға болысып, мұқтаждарды
кеудеден кері итерген мемлекеттік қызметкерлердің қылмысы əшкереленіп
жатса, қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс. Сонда ғана тəртіп орнап, ай-
қау-шу, наразылықтардың алдын алуға болады.
Ұлықбек ҮМБЕТ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *