Құқық

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алайық


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

 Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бастап сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  құқықтық оқыту және семинарлар өткізілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша мамандар арасында тұрақты түсіндірме сабақтары өткізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында  мақалалар жарияланған. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде (facebook, Instagram) мақалалар үнемі жарияланады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау қадағаланып, барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралады.

Басқармаларда мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі, мемлекеттік қызметтер «elicense.kz»  арқылы электрондық түрде қабылданады.

Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жүргізетін барлық тексерулер ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасында міндетті түрде тіркеледі.

Абай  аудандық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу үшін мамандар арасында заңсыз әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары үшін арнайы жәшік орнатылған, сондай-ақ «Сенім» (8/7252-40-71-65) телефоны бар.

Б.Орашова,

Шымкент қаласы Абай ауданының

СЭББ бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *