қайда хабарласу керек?
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметкерлері қала тұрғындарын тәулік бойы, үздіксіз сумен қамтиды. Алайда, кейде тұтынушылар сусыз қалатын кездер болады. Ол неден? Бұл – әдетте, сумен жабдықтау желілеріндегі апатты қалпына келтіру жұмыстарына байланысты болады. Мұндай жағдайда, кәсіпорынның пайдалану қызметі судан ажыратылған үйлердің тұрғындарын ескерту жібереді. Апатты жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат бірінші кезекте бірден «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне түседі. Сондықтан, су болмай қалған жағдайда алдымен кәсіпорынның диспетчеркі қызметіне хабарласыңыз. Нөмірлері: 8 (7252) 321-274; +77081102121 (whatsapp). Сондай-ақ, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әлеуметтік желілердегі аккаунттарына немесе +77057581111 нөміріне whatsapp арқылы хабарласа аласыз.
Көп қабатты үйлерде судың өшірілуі басқа да жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Егер диспетчерлік қызмет операторы Сіздің аймағыңызда су өшірілмегенін нақтылап айтса, онда көршілеріңізге хабарласыңыз. Оларда судың бар-жоғын білу керек. Мысалы, тұрғындардың бірі су құбыры желісінде пәтерішілік жөндеу жұмыстарын жүргізуі мүмкін. Ондай жағдайда да сантехниктер, әдетте, бүкіл үйдің орталық құбырынан суды өшіріп қояды. Үй комитетінің төрағасына хабарласып, мән-жайды біліңіз. Үйдің жертөлесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатпаса, бұрандалар(вентильдер) ашық болғанымен үйіңізде су жоқ болса, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС диспетчерлік қызметіне, жоғарыда берілген нөмір бойынша хабарласып, өтініш беріңіз. Ал қалада жаңадан бой көтерген шағынаудандарында және қала аумағына қосылған елдімекендерде сумен жабдықтау желілерін пайдалану бойынша «Су құбыры мен кәрізді басқару» МКК жауап береді және су болмаған жағдайда осы кәсіпорынға хабарласыңыздар. «СҚКБ» МКК диспетчерлік қызметінің телефоны»: +7 (7252) 561010: +77078198681 (whatsapp).
Су желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары басталса, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімшілігі тұтынушыларды үш күн бұрын хабардар етеді. Тұтынушыға ыңғайсыздық тудырмау үшін, мұндай жұмыстар, негізінен түнгі уақытта жүргізіледі.