Шымкент

Шымкенттік құтқарушылар жарады!

Түркістан қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасында ХХХ және әйелдер арасындағы Х жазғы чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыс, қалаларынан төтенше жағдайлар департаментіне қарасты бөлім мамандары қатысқан жарыс тартысты болды.

Үшінші жарыс кезеңінде 4х100 метрге дейінгі өрт эстафетасы бойынша Шымкент қаласының ТЖД-нің ерлер құрама командасы 2 орыннан көрінсе, дәл осы бәсекеде шымкенттік құтқарушылардың әйелдер құрама командасы 1 орынды иеленді. Сонымен қатар, жалпы есепте әйелдер құрама командасы Қазақстан Республикасының Х жазғы чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал, ерлер құрама командасы 22 команданың ішінен 8 орынға тұрақтады.

Спортшыларымызды Шымкент қаласы ТЖД ұжымы салтанатты түрде күтіп алып, құрмет көрсетті. Шымырлығы, ептілігімен үнемі осындай байрақты бәсекелерде жеңімпаздар сапынан көрініп жүрген шымкенттік құтқарушылар командасының алар асуы алда. Әлі талай жарыстың жеңімпазы атанары сөзсіз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *