Біле жүріңіз

Туберкулезді қалай анықтауға болады?

Туберкулез – ежелден келе жатқан жұқпалы аурулардың бірі. Туберкулез – қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидық қабығы, тері, көз бен басқа да ағзалар зақымдалады. Ауру жұқтырудың басты көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады.

         Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада таралып, шаңмен бірге еденге, затқа қонады да, көптеген жылдар бойы тіршілік ете беретін сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі. Туберкулезбен адамдар ғана емес, жануарлар: сиыр, ешкі, бұлан, бұғы, түйе де ауырады. Ауыру малдың сүті немесе еті адам үшін ауыру жұқтырудың көзі болып табылады.

         Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып саналады. Туберкулезбен ауыратын адамдардың балалары сау болып туылады. Дегенмен, барлық сақтық шаралары сақталмаған жағдайда бала туберкулез жұқтырып ауыруы мүмкін.

Дұрыс тамақтанбау, уақытында ұйықтамау, күйзеліс, маскүнемдік, шылымқорлық, нашақорлық туберкулезге шалдығудың басты факторлары. Екі аптадан ұзақ жөтелу, тез шаршау мен әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі, түнгі уақыттағы тершеңдік,

кеуде қуысының ауруы, қан қақыру.

Балаларға манту сынамасын жасау арқылы ауру жұқтырған-жұқтырмағанын, флюорографиялық тексеру, қақырықты  зертханалық жолмен зерттеу жөтелгенде бөлінетін микробтардың болуына қарап анықтайды. Туберкулездің алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы оған қарсы екпе болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау нәрестеге перзентханада 2-4 күн ішінде жасалады. Екпелер балаларға аурудың жұғуы мен аурушаңдылықты төмендетуге ықпал етіп, аурудың жаппай жұғуынан сақтандырады. Ата-аналар балаларына вакцина жасатудан бас тартқан жағдайда туберкулезден сақтандырылмағанын есте сақтау қажет. Туберкулезге қарсы егілген балалардың ағзасында иммунитет 6-7 жылдан кейін ғана әлсірейді. Дәл осы жаста балаларға туберкулезге қарсы екінші рет екпе жасалады.

         Туберкулезге  қарсы иммунитет жағдайын бақылау және балалардың ауруды алғаш жұқтырған сәтін анықтау үшін Манту сынамасы қойылады. Туберкулинде тірі микроағзалар жоқ және салынатын мөлшерде ағзаның иммундық жүйесіне әсер етпейді. Туберкулез – бұл барлық қоғамның өзекті мәселесі, оның таралуын  білетін  әрбір адам өзінің білімін күнделікті өмірде қолдана отырып тоқтата алады.

Л.Н.Туртаева,

Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *