Белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Қазығұрт ауданының “Құрметті азаматы” Балтабек Түйетаев осылай дейді. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазғанындай Түркістан облысының әкімі Нұралқан Көшеров кезінде Төлеби , Байдібек ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының салық комитетін басқарған Батырбек Көшербайдың бірқатар ұсыныстарына құлақ асар болса біраз мәселе шешілетін сияқты. «Облыс әкімі ол ұсыныстарды тыңдай ма? Мәселе осында»,- дейді журналист.

Ол былай дейді: Пікір айтушылар Батырбек Көшербайдың ұсынысын қолдап жатыр.
Ол білім мен денсаулық саласын жергілікті атқарушы биліктің құрамына енгізу керек деген ұсыныс айтады. Кезінде Түркістан облысының әкім болған Өмірзақ Шөкеев те білім басқармасының осы күйге түскеніне өз сұқбатында қынжылыс білдірген.
Бұл ой-пікірдің туындауына облыс білім басқармасына қарасты мекемелерінің жемқорлықтан көз ашпай жатқаны. Халықтың, мемлекет қазынасының миллионы емес, миллиардтары ашық жымырылуы халықтың наразыдығын тудыруда.
» Қосылғыштардың орны ауысқанмен қосынды өзгермейтінін » қаржы көзін жақсы білетін облыс әкімі Нұралхан Көшеров те іштей біліп отыр.
ҚР Оқу -ағарту министрі Ғани Бейсембаевты да Түркістан облыстың білім басқармасына басшы тағайындаса жемқорлық жайт түзелмейді. Жемқорлық жойылмайды. Оны да бұл жақта жалап жауып, жемқор басшы етіп жіберуі мүмкін. Кезінде елімізде жемқорлықпен аяусыз күресті деген Қайрат Қожамжаровтың мықты командасын талқандап, түрмеге тоғытып жатыр ғой.
Көпшіліктің пікірі. өзін өзі ақтамай жатқан білім басқармасын реформалауды немесе мүлдем жүйесін өзгертуді керек дегенге саяды.
Болашақ ұрпаққа тәрбие береміз бе, әлде мемлекет пен халықтың ақшасын жымқыратын аудандық білім басшылары мен есепшілерін , олардың сыбайластарын түрме қамап, сотқа сүйреп, бүкіл әлемге, елге масқара болып жүре береміз бе?
Кеше Шардара ауданында
3 миллиард 700 мың теңге қаржы жымқырылып, басшысы 10 жылға сотталып кетті.
Түркістан облысы әкімі осы Нұралқан Көшеров білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға шындап кіріскен болса, енді бұл қылмыстардың алдын алуды, білімді реформалау , бюрократия жүйесін түп -тамырымен жойса дұрыс болар еді.
Бізде керемет білім ошақтары салынып, пайдалануға берілді. Білім алатын балаға, тәрбие беретін ұстазға барлық жағдай жасалынған.
Біздің заманымыздың адамдары тоқал үйде, сия-сауытпен, жағдайы жоқ күйде білім алды. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сатпаев, Шәмші Қалдаяқов, Мұқағали Мақатаев т.б мыңдаған ғалым, заңгер, жазушы -журналистер ұлы тұлғалар алтын ұядан ұшып шықты.
Қазіргі сиқымыз жемқорлықтан көз ашпай отырмыз.. Биліктің мінбесінде басқа әңгіме айтамыз, одан түскен соң басқа тірлік жамаймыз…
Әңгіме сонда…» дейді журналист әріптесіміз Балтабек Түйетаев.
