Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем бірліктерінің тізбесі жыл сайын уәкілетті органдар тарапынан қайта қаралып тұрады – олардың бірқатарлары тізімнен алынып тасталынып жатса, басқалары керісінше мемлекеттік бақылау қажеттілігіне байланысты, тізімге енгізіліп тұрады. 2023 жылдың соңында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі «сауда-коммерциялық операциялар кезіндегі тауарлардың массасын өлшеумен» толықтырылды.
Жасыратыны жоқ, тұтынушылар көп жағдайларда, сауда нүктелерінен өнімді өлшеп алып жатқан кезде немесе сатып алып болғаннан соң, өздерінің сатып алған өнімнің салмағына, оны өлшеген таразының дәлдігіне күмәнкелтіріп жататыны жасарын емес. Сондықтан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету-бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын дұрыс емес өлшеу нәтижелерінен қорғау шеңберіндегі маңызды талаптардың бірі болып табылады. Яғни, тұтынушылардың өлшеудің дұрыс емес нәтижелерінен заңмен қорғалуы және олар төлеген салмақты алуы керек. Мұндай талапқа қол жеткізу үшін, бұдан былай, әрбір сауда объектісі (ол базарда болсын, сауда орталықтарында болсын немесе ауылдағы кішкене шағын маркет болсын)өздерінің таразыларын елдің барлық өңірлерінде бар аккредиттеген салыстырып тексеру зертханаларынан жыл сайынтексеруденөткізіп тұрулары тиіс.
Ал, бұл жұмыстың мақсаты — өлшеу құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау болып табылады. Ол үшін аттестатталған тексеру әдістемесі пайдаланылады, нәтижесінде оң нәтижелер салыстырып тексеру таңбасының бедерімен куәландырылатын бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады, ал, егер салыстырып тексеру нәтижесі бойыншаөлшем құралының жұмысы теріс нәтиже көрсететін болса, онда өтінім иесіне өлшем құралының (таразының) жарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектісі, оның ішінде-сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім саны болып табылады.
Жоғарыдағы талап бойынша әрбір кәсіпкерлік субьектісі ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы»Заңның талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген өлшеу құралдарымен жарақтандырылуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 419-бабы Заңының талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделген. Осы жерде бір маңызды мәселені атап өтуге тура келеді: егер, мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізу кезінде өлшеу құралында тексеру туралы сертификаттар бола тұра, ол өлшем құралының көрсетілімі дұрыс болмаса, онда тексеру жүргізген мемлекеттік инспекторлар таңбаны сөндіру рәсімін (жою) жүргізуге құқылы болады.
Тағы да бір атап өтетін жағадй — инновация ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қолданылмайтынын атап өткен жөн.
Құрметті тұтынушы! Егер сіз сауда операциясын жасау кезінде тауарды жосықсыз иеліктен шығару (сату) немесе өлшеу құралдарын тексеру бойынша сапасыз қызмет көрсету фактісіне тап болсаңыз, немесе өлшеу құралының жұмысына күмәніңіз басым болса, онда ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ-не жүгінуге құқығыңыз бар. Мемлекеттік органның орналасқан мекен-жайы Диваев көшесі 148, тел.: 8 (7252) 32-10-50 электрондық мекен-жайы: dktrm_shymkent_2019@mail.ru немесе е-өтініш жүйесі арқылы жүгінуге болады.
Бастар Есқараев,
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы.