Қоғам

Қорған болар қайсар ұландар


Өскелең ұрпаққа патриоттық тәлім тәрбие беруде мектептегі  алғашқы әскери дайындық сабағының алар орны ерекше. Бүгінгі ата-аналардың көбі «балам математиканы, физиканы, ағылшын тілін тереңдете оқыса болды» деген көзқарасты ұстанатыны рас. Бұл баланың физикалық дамуына, шымыр болуына кері әсерін тигізіп қана қоймай, өз Отанын сүйетін нағыз мемлекетшіл, отаншыл азамат болып өсуіне де кесірін тигізетіні жасырын емес. Бала өз ұлтын сүйіп қана қоймай, өз мемлекетінің мақтаныштарын мәртебе санап, тарихта ізі қалған батыр бабаларын үлгі тұтып, өзі де ұлт қорғаны болатындай нар тұлғалы азамат болып өскені жөн.

Міне, осындай тәлім тәрбиені мақсат етіп алған «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1  лицей- интернатының ұжымы үнемі патриоттық тәлім тәрбиеге жоғары мән беріп келеді. Жақынды лицейіміздің оқушылары  Шымкент қаласының Өлке тану музейінде ҚР қарулы күштерінің тұңғыш қорғаныс министірі кеңестер одағының батыры Халық қаhарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың туғанынына 100-жыл толуына арналған іс-шараға қатысып қайтты. Мұнда Астана қаласының жылжымалы музейінің ұйымдасытруымен мазмұнды кеш өтті.

Әсерлі кеште Шымкент гарнизоны әскери полициясыны бөлімінің қолдауымен жүргізілетін, жетекшілері – Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлім бастығының орынбасары, подполковник Ағыбаев Ержан Торланбайұлы  және Шымкент гарнизоны Əскери полиция бөлімің əскери полиция бөлімшесі гауптвахта  бастығы  подполковник Бөрібаев  Əбдімəлік Алдаоңғарұлының мағыналы әңгімелерін тыңдап, жеткішектер біраз жәйттен ой түйді. «БИЛ-1»дің «Жас тәртіп сақшылары» патриоттық клубының ұлдары қатысты іс-шара барысында Халық қаһарманы С. Нұрмағанбетовтың өмірі мен ерлік ісінен мол мағлұмат алды. Өз ұлтының мақтанышы ғана емес, елінің нағыз қорғаны болған Батыр аталарының ерлігі дәріптелген кештен үлкен әсер алған ұландар кешті ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Астана қаласынан келген жылжымалы музей  Нұрмағанбетовтың жеке заттары мен құжаттары қойылған көрме ұйымдастырды.

Лицей оқушыларының тәлімді осындай іс-шаралардан қалыс қалмауына мүдделі болған ата-аналардың да айтары тек қана алғыс.

Жамбыл МАМЫРАЛИЕВ,

запастағы подполковник,

Шымкент қаласындағы Білім-инновация ер балаларға арналған №1  лицей- интернатының алғашқы әскери  және технологиялық дайындық педагог-ұйымдастырушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *