ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ, ДЕЗИНСЕКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ДЕРАТИЗАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?
Дезинфекциялау — сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені. Емдік –профилактикалық мекемесінде инфекциялық және паразиттік ауру анықталған жағдайда, ағымдағы дезинфекциялауды осы мекеменің медицина қызметкері мекемеде бар дезқұралдарды қолдана отырып, дезқұралға қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырады. Инфекциялық және паразиттік ауру ошағындағы ағымдағы дезинфекциялауды науқасты күтетін адам үйде емдеу кезінде сауыққанға дейін жүргізеді. Инфекциялық және паразиттік ауруларының ошақтарында қорытынды дезинфекцияны науқас емдеуге жатқызған, оқшауланған, сауыққан немесе қайтыс болған кезден бастап бір тәулік ішінде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК мекемесі жүргізеді.
Дезинсекциялау дегеніміз– адамды, жануарларды, үй-жайларды және аумақты жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан ( қандала, үндемес, таракан және т.б.) қорғау мақсатында оларды жою бойынша профилактикалық және жою іс-шараларының кешені. Дератизациялау – кеміргіштерді (тышқан, атжалман) жоюға немесе санын азайтуға бағытталған профилактикалық және жою іс-шараларының кешені. Дезинсекция, дератизация жүргізу үшін түйіршіктер, ұнтақтар және сұйық түрдегі заттары пайдаланылады. Қазіргі таңда дезинсекциялық, дератизациялық заттар сауда орындарда, базарларда еркін сатылуда. Олардың қолжетімді болғандығынан тұрғындардың тұрмыстық жәндіктерге өз бетінше өңдеу жүргізу салдарынан уланып, өлім –жітімге алып келуде. Дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын қолдану қауіптілігінің сыныптамасына сәйкес белгіленеді. Қауіптілігі жоғары дезинфекциялық препараттар тыныс алу ағзаларын, көзді, теріні қорғайтын құралдарды қолдана отырып, адамдар болмаған кезде пайдаланылады. Нұсқаулығына сәйкес қолданылмаған жағдайда өлім-жітім мүмкіндігі бар қатты улануға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға 1,2,3 қауіптілік сыныпқа жататын дезинсекция, дератизация құралдарын сатуға тыйым салынады. Дезинсекция, дератизация жұмыстарын уланудан сақтану үшін арнайы мекемелердің жүргізгені дұрыс. Үйіңізде жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын арнайы мекемелердің жүргізуі тиіс екенін еске сала отырып, мына ережелерді сақтаңыз!
-Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды жоспарланып отырған іс-шаралардың жүргізілуі және қажетті сақтық шаралары туралы хабардар етіңіз. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануарларының болуына жол берілмейді.
— Үйіңізге залалсыздандыру жұмыстарын кәсіптік даярлықтан өткендігін растайтын куәлігі бар маманға жүктеңіз.
-Жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуға рұқсат етілген, жарамдылық мерзімі өтпеген, мемлекеттік тіркеуден өткен залалсыздандыру заттарымен жасалуын қадағалаңыз. Үйіңізде түрлі жәндіктер мен кеміргіштер пайда болса, ӨЗДІГІҢІЗДЕН ЗИЯНКЕСТЕРДЕН ҚҰТЫЛУ, ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ТУЫСҚАНДАРЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН, ТІПТІ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЫНА АЛЫП КЕЛУІ МҮМКІН ЕКЕНІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!!!
Баян Идияева, Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы.