Шымкент қаласындағы қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай қандай? Бұл туралы Шымкент қалалық СЭБД бөлім басшысы Ж. Жаксылықова былай дейді:
«Қызылша – ауамен жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі.
Шымкент қаласында 2023 жылдың 14 қарашасына қызылша ауруының расталған 2566 жағдайы тіркелді.
Барлық ұйымдасқан ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, қаулылар шығарылды.
Ауру байланыс және ауа арқылы ауа-тамшы жолымен таралады. Қызылшаның қоздырушы вирусы (polinosa morbillarum) қыздырғанда, күн сәулесінен, залалсыздандыратын химиялық қоспалардан тез жойылады. Вирус сыртқы ортаға ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде түкірік түйіршіктерімен бөлінеді. Вирустың тез тарайтыны сондай, вирустың сыртқы ортада тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлар да белгілі.
Инкубациялық кезеңнің 2-күні мен бөртпелер шыққаннан кейінгі 4 күн аралығында ауырған адам инфекция көзі ретінде айналадағыларға қауіпті таратушы болады. Ал, 5-күннен бастап, бөртпелері бар адам ауруды жұқтырмайды. Осы аурудан жазылғаннан кейін ағзада тұрақты иммунитет қалыптасады. Қызылшамен ауырған немесе егілген туылған аналардан балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында анасынан берілген антиденелері сақталады. Осы аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауыру жұқтыруы мүмкін.
Соңғы үш жылда коронавирустан пандемия болғалы халық арасында қызылша мен қызамыққа қарсы егу төмендеуіне орай біршама адамдардың иммунитеттері төмен болуы мүмкін. Қызылша 20 вакцинамен басқарылатын және бұғатталатын инфекциялар қатарына жатады. Қоғамда егілмегендер мен вакцинадан бас тартушылар көбейсе ұжымдық иммунитет төмендейді, сондай-ақ қоршаған ортада қызылшаның вирусы күшейіп, ауру өрши бастайды.
Осыған орай қырағылық танытып, халық арасында қызылшаның алдын вакинациялаумен алған жөн!
Қызылша кез келген жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпті. Аурумен ауырмаған немесе вакцина алмаған адамдар қызылшаға бейім және кез келген жаста жұқтыруы мүмкін. Әсіресе 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға иммундық жүйенің жеткіліксіз дамуының сипаттамаларына байланысты ауырып қалу қауіп төндіреді.
Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе осы кеселге қарсы егілмеген адам қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болғанда жұқтыру мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан, азаматтарды қызылшаға қарсы екпе алуға шақырамыз!»-дейді Ж. Жаксылықова