Біле жүріңіз

Уланудан сақтаныңыз!

Ауа райы суытқан  мезгілден бастап қала тұрғындарының улы газдан улану жағдайлары көптеп тіркелуде.

  Зардап шеккендердің денсаулық жағдайының  нашарлауы  ақаулы газды су жылытқыштарын, қазандықтарды , пештерді және каминдерді  пайдалану кезінде  пайда болады.

     Көміртегі тотығы  қауіпті өйткені ол көрінбейді және сезілмейді,өйткені оның түсі де, иісі де жоқ. Тыныс алу жолына түскеннен кейін  көміртегі тотығы молекулалары қанға еніп, гемоглобин  молекулаларымен байланысады, нәтижесінде карбоксигемоглобин түзіледі, бұл оттегінің тасмалдануына  кедергі келтіреді және  оттегінің жетіспеушілігі тез дамиды.

           Көміртегі тотығымен улану кезінде  келесі белгілер пайда болады: жалпы әлсіздік,бас ауруы, самайдың  солқылдауы, құлақтың шыңылдауы,бас айлану,ауа жетіспеушілігі,ентігу, көру қаблетінің бұзылуы,көздің алдындағы нүктелер, құрғақ жөтел,жылдам тыныс алу.

            Улы газдан улану кезіндегі көмек

            Мұндай жағдайда зардап шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып, жасанды дем беру қажет және міндетті түрде «Жедел жәрдем» қызметінің көмегіне жүгініңіз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.

            Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныс алу керек.

             Улы газдан уланудың алдын алу үшін келесі қауіпсіздік шараларын жасағаныңыз абзал,ол:

          — тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін мүржесі мен сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
          — пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз.

         — желдету жүйесінің жұмысына тексеру жүргізіп, түтін мүржесін уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз.
Құрметті тұрғындар,жоғарыда айтылған ережелерді сақтаған жағдайда, газбен уланудың алдын алуға болады.Өз денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз-өз қолыңызда!.


Г.Шонжанова, Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының

СЭББ-сы бас маманы.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *