Біле жүріңіз Білім, ғылым

Ө.Жәнібеков университетінде қытай тілі оқытылады

Zhanibekov University мен Қытайдың Xi’an International Studies University арасында қос дипломдық білім беру бағдарламасы туралы келісімге қол қойылды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 30 тамыз – 3 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында екі ел университеттері арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылған еді. Осыған сәйкес, Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің алаңында Zhanibekov University мен Xi’an International Studies University арасында қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы маңызды құжат ресімделді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Zhanibekov University Басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков қатысты. Келісім аясында 2026 жылы 6В02303 – Филология (қазақ және қытай тілдері) мамандығы бойынша бакалавриаттың қосдипломдық білім беру бағдарламасы іске қосылады. Бұл студенттерге:

  • Қазақстан мен Қытайдың жетекші университеттерінде оқу мүмкіндігін;
  • Екі диплом алуды;
  • Қазақ және қытай тілдерін кәсіби деңгейде меңгеруді;
  • Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуды қамтамасыз етеді. Алғаш рет жасалған бұл келісім – Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды қадамы.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *