Сот жүйесінде татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық процестік заңнамасына сәйкес, тараптар дауды өзара келісімге келу арқылы медиация, партисипативтік рәсім немесе бітімгершілік келісім жасау тәртібімен реттеуге құқылы.
Татуластыру рәсімдері — азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тараптар арасындағы дауды өзара келісімге келу арқылы шешуге бағытталған құқықтық тетік болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, татуластыру рәсімдерінің негізгі мақсаты — тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, дауды сот талқылауынсыз немесе сот шешімін қабылдамай бейбіт жолмен реттеу.
Қазақстан Републикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, сот тараптарға дауды медиация, партисипативтік рәсім немесе бітімгершілік келісім жасау арқылы реттеу мүмкіндігін түсіндіруге міндетті. Татуластыру рәсімдері сот төрелігінің тиімділігін арттыруға, азаматтардың уақыт пен қаржылық шығындарын азайтуға, сондай-ақ тараптар арасындағы өзара қарым-қатынасты сақтауға бағытталған.
Бітімгершілік келісім — тараптардың өзара ымыраға келуінің нәтижесінде жасалатын және сотпен бекітілген процессуалдық құжат. Сот бітімгершілік келісімді бекіткен жағдайда іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Сонымен қатар, мұндай келісім Қазақстан Республикасының заң талаптарына қайшы келмеуге және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
Татуластыру рәсімдерінің негізгі мақсаты — тараптар арасындағы құқықтық дауды сот талқылауын ұзақ жүргізбей, өзара қолайлы шешім қабылдау арқылы бейбіт жолмен аяқтау болып табылады. Бұл ретте сот тараптардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, дауды өзара келісім негізінде реттеу мүмкіндігін қарастырады және тараптардың ерікті түрде келісімге келуіне жәрдем көрсетеді.
Медиация тәртібімен татуласу — тәуелсіз медиатордың қатысуымен жүзеге асырылатын дауды реттеу нысаны. Медиация барысында тараптар даудың мәні бойынша өзара тиімді шешімге ерікті түрде келеді. Медиация рәсімі құпиялық, еріктілік және тараптардың тең құқықтылығы қағидаттарына негізделеді. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сәйкес, медиатор тараптардың келіссөз жүргізуіне жәрдемдеседі, алайда дауды шешу жөнінде шешім қабылдамайды.
Медиация тәртібімен реттеу кезінде тәуелсіз медиатор тараптардың өзара түсіністікке келуіне ықпал етеді. Аталған рәсім құпиялық, еріктілік және тараптардың тең құқықтылығы қағидаттарына негізделеді. Медиацияны қолдану нәтижесінде тараптар уақыт пен қаржылық шығындарды азайтып қана қоймай, өзара іскерлік және әлеуметтік қатынастарын сақтап қалуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, партисипативтік рәсім адвокаттардың қатысуымен жүзеге асырылып, тараптардың келіссөздер жүргізу арқылы дауды соттан тыс реттеуіне бағытталады. Ал бітімгершілік келісім сот өндірісінің кез-келген сатысында жасалуы мүмкін және ол соттың ұйғарымымен бекітіледі. Партисипативтік рәсімнің нәтижесінде жасалған келісім сотпен бекітілуі мүмкін.
Сот тәжірибесінде татуластыру рәсімдерін қолдану дауларды қысқа мерзімде шешуге, сот жүктемесін төмендетуге және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, татуластыру рәсімдері азаматтар арасында өзара сенім мен сыйластықты нығайтып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.
Сот тараптарға татуластыру рәсімдерінің құқықтық салдарын түсіндіреді және олардың ерікті түрде келісімге келуіне жағдай жасайды. Татуласу рәсімдері барысында қабылданған келісімдер заң талаптарына сәйкес болған жағдайда сот акітісімен бекітіліп, міндетті заңдық күшке ие болады.
Татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану — дауларды өркениетті жолмен шешудің тиімді тәсілі ретінде құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды құқықтық институт болып табылады.
А.Туримбекова,
Түркістан облысы
Келес аудандық сотының судьясы.
