Әлеумет

Шымкентте күзгі кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде


Шымкент қаласы – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (әрі қарай – КҚГҚ) бойынша қолайсыз аймақтардың бірі. Қолайсыз елді-мекендерде жылына 2 рет мемлекеттік тапсырыспен санитариялық-қорғау аймақтарында және буферлік аймақтарда, мал қораларында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Санитарлық қорғау аймағын құру мақсатында ҚР ДСМ «ҰСО» ШЖҚ РМК-ның Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы тарапынан Шымкент қаласында кенеге қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары 19.08.2024ж.-22.08.2024ж. аралығында жүргізіледі.
Сонымен қатар, қалада «энзоотиялық» аурулардың алдын алу мақсатында үйге іргелес қора-жайларда, елді-мекендерде, буферлік аймақтарда қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының тарапынан кенеге қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары 15.08.2024 жылы басталды және бұл жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексінің 107 бабының 1 тармағында «Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті» деп көрсетілген.
Яғни, әрбір жеке меншік қожалықта КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін қала аумағында қора-жайлары бар елді-мекен тұрғындары үйіне іргелес қораларда механикалық тазарту, қоқыстарын шығару жұмыстарын және кене анықталған қораларда шұғыл түрде тұрғындар өз қаражаты есебінен құзырлы мекемелер күшімен дезинсекция жүргізуі міндетті.
Жергілікті полиция қызметі тарапынан қаланы абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша, оның ішінде қора-жайлардан шыққан қоқыстарын (малдың қиларын) көшеге шығарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы рәсімделіп, айыппұл салынатыны ескертіледі! автор: Ә. Төлебаев — Шымкент қ. СЭБД басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *