Uncategorized

Нысандардағы өндірістік бақылаудың жүргізілуіне қойылатын талаптар

 Өндірістік бақылау — объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылау жүргізу арқылы өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғалармен, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды орындайтын кешенді іс-шаралар.

 Өндіріс мекемелерінде  жұмысшыларға қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге, олардың арасында   міндетті медициналық қарап-тексерулердің уақтылы өтіліп,  кәсіби аурулардың  алдын алуға және соның  салдарынан денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған.

       Зерттеулердің кезеңділігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2023 жылғы 11 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» СҚ-ға сәйкес белгіленеді. Жыл сайынғы, тоқсандық немесе ай сайынғы зерттеулер өндірістік факторлардың зияндылығына байланысты жүргізіледі. Өндірістік бақылау жүргізу үшін өндірістік бақылау бағдарламасы әзірленеді және бекітіледі.

Бағдарлама нормалау құжаттарында белгіленген жағдайларда зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді қамтиды:

1. жұмыс орындарындағы, өндірістік алаң аумағындағы өлшеулер;
2. экологиялық өндірістік бақылау бағдарламасы бойынша санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасындағы атмосфералық ауаны бақылау;
3. тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын шикізатты, жартылай фабрикаттарды, буып-түю материалдарын, бұйымдарды бақылау; олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын бақылау;
4. медициналық тексерулерден уақтылы және толық өтуін бақылау, сондай-ақ жеке медициналық кітапшаларды есепке алу;
5. қауіп факторларын бағалау, анықталған қауіптерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздік және (немесе) зиянсыздық критерийлерін талдау және қауіптерді басқаруды қамтамасыз ету үшін бақылаудың сындарлы нүктелерін айқындай отырып, процестердің (пайдалану, жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қайта өңдеу, көму) қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындау;
6. Халықты, жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы хабардар ету схемасын әзірлеу.
     Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжат жүзінде ресімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында ұстайды.

     Өндірістік  бақылау нені қамтиды ? Кәсіпорындағы өндірістік бақылау адамға  және оның тіршілік ету ортасына өндірістік әсердің қауіпсіз деңгейін ұстап тұруға  және қамтамасыз етуге,сондай-ақ  ықтимал теріс әсердің алдын алуға бағытталған іс-шараларды қамтиды.

 Өндіріс мекемесінде   өндірістік  бақылауды кім жасайды ?

Өндірістік  бақылауды ұйымдастыруды өндіріс мекемесі басшысының бұйрығымен бекітілген өндіріс мекемесінің жауапты қызметкері жүзеге асырады. Өндірістік  бақылау бағдарламасы еркін нысанда жасалады. Құрылымға ,бөлімдердің санына,олардың атауына,онда көрініс табуы  керек іс-шаралар жиынтығына қатаң талаптар жоқ. Өндірістік бақылауды жүргізудің мақсаты- санитариялық  қағидаларды, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды тиісінше орындау,олардың сақталуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жолымен объектілердің зиянды әсерінің адам және тіршілік ету ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе)зиянсыздығын қамтамасыз ету.

Тақырыпты қортындылай келе, егер мекеме өндірістік бақылау бағдарламасын дайындап, сол бағдарлама бойынша жүйелі түрде іс-шараларды жүргізген жағдайда сол өндірістік мекеменің санитариялық жай-күйі, жұмысшылардың жағдайы жақсарып, өндірістік  технологиялық үрдісті модернизациялау арқылы өндірісте нәтижелі көрсеткіштерге жетуге болады.

Г.Б.Керімбаева,                                                                                                                    Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармасының жетекші маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *