Кейінгі бірер жылдан бері қоғамда тілдік қолданысымыздағы кейбір сөздердің төңірегінде басталған дау жалғасып келеді. Мысалы, осы уақытқа дейін «көкөніс», «қыркүйек», «шекара» деп жазылып келген сөздер енді «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» деп жазыла бастады. Бірақ мектептер мен оқу орнындағылар болмаса, былайғы жұрт бұрынғыша жазып жүр. Таяуда қолымызға 2007 жылы жарық көрген «Орфографиялық сөздік» кітабы түскен еді. Құрастыруға […]
Білім, ғылым
Адам баласы сөйлеуді қалай үйренген?
Шотландияның Сент-Эндрюс университеті мен АҚШ-тың Дартмут колледжінің ғалымдары бір қызық гипотеза жариялады. Лондоннан шығатын «Просидженз оф зе Ройяль сосайети» («Proceedings of the Royal Sosiety») ғылыми журналында жарияланған тұжырым адамды қызық ойларға жетелейді. Біз қазір сөйлемейтін адамды көзге елестете алмаймыз. Қоршаған ортамен қарым-қатынастағы әрекеттер үшін бізге сөйлеу міндетті түрде керек. Күн сайын түрлі ақпараттар аламыз, сөйлесеміз, […]
Білім мен саяхат үндестігі
Cайрам ауданындағы «Ухуд» және Кемел Тоқаев атындағы жеке мектептерінің өткен оқу жылындағы 76 түлегінің 52-сі түрлі грант иегері атанып, Сайрам ауданында жоғары көрсеткішке ие болды. Бұл жетістікке қол жеткізуде аталған мектеп басшылығы оқушылардың оқу үлгерімін көтеретін түрлі ізгі амалдар жасауда. Соның бірі — оқушыларға түрлі тосын сыйлар жасау арқылы үздік оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Бұл […]
ЖАҢА ДӘУІР ПЕДАГОГТАРЫН ДАЯРЛАЙТЫН КӨШБАСШЫ УНИВЕРСИТЕТ
ХХІ ғасырда елдің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстармен емес, адами капиталдың сапасымен өлшенеді. Ал адами капиталды қалыптастыратын негізгі күш – сапалы білім мен білікті педагог. Сондықтан бүгінде мұғалім мамандығы тек ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық еңбек нарығында да стратегиялық маңызға ие кәсіптердің біріне айналды. ЮНЕСКО мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) сараптамалары бойынша, әлемде білім […]
Таңдауыңда жаңылыспа, жас түлек!
Б үгінде жазғы каникул кезі болғанымен биылғы мектеп түлектері сергек, олар болашақ оқу орындарын таңдауда. Енді бірер күнде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжат қабылдау да басталмақ. Грант саны біршама қысқартылған Жарияланған мәліметтерге қарағанда, алдағы оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі қысқарған. Оның саны өткен жылғыдан 3800-дей аз, нақтысы — 89 457. Негізінен […]
ChatGPT: Пайдасы қандай, зияны қандай?
Бүгінгі оқушының сөмкесінде кітаппен қатар жасанды интеллект те «жүр». Яғни соңғы бірнеше жылда ChatGPT секілді жасанды интеллект құралдары білім беру саласында кеңінен қолданыла бастады. Бірі оны білім алуға көмектесетін заманауи технология деп бағаласа, енді бірі оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін әлсірететін құрал ретінде қабылдайды. Ендеше, ChatGPT – оқушының сенімді көмекшісі ме, әлде жалқаулықтың бастауы ма? Бүгінде […]
ЖАСАНДЫ ЖАҢБЫР
Қазақстан жақын жылдары Орта Азия аумағындағы жасанды жаңбыр технологиясын игерген алғашқы ел деңгейіне жетпек. Бұған қатысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорология орталығымен бірлескен жоба іске қосылды. «Бұлт шақырып, жаңбыр жауғызатын» технологияның арқасында Түркістан облысында егістік жерлерді суғаруға және қоймаларды суға толтыруға мүмкіндік тумақ. Кейін оны басқа аумақтарға да қолдануға болады. Халықаралық бағалауларға сәйкес, жасанды жаңбыр […]
ЖҮЗГЕ ҚАДАМ БАСҚАН ЖҮЗБАЙ АТА ЖҰМЫСҚА ӘЛІ ЖАЯУ КЕЛЕДІ
Бүгін біз аты затына сай, жөні бөлек, жосығы ерек ұстазымыз туралы сөз қозғағымыз келеді. Адам болған соң артынан сөз еретіндер аз емес. Әйтсе де, жұрттың бәрімен, үлкенмен де, кішімен де әңгімесі жарасатын, айналасына іштарлықпен емес, құштарлықпен қарайтын ұстаздардың бірі де бірегейі Жүзбай ағамның соңынан сыпсың сөз ергенін естімеппін. Алыстан көре сала аңқылдап амандасатын, жылы сөзі […]
ҒАРЫШ: ЕЖЕЛДЕН БҮГІНГЕ ДЕЙІН…
12 сәуір – адамзат баласының ғарышқа алғаш «қанат қаққан» күні. Осыған орай бұл салаға да қатысты қызықты деректер жариялауды жөн көрдік. Қанат байлап алып аспанға ұшқан Адам баласы ұшуға ежелден құмартқан, қиялдаған. Оған қатысты айтылатын аңыздар өте көп. Ұшатын кілем «болғанын» ертегілерден естідік. Ежелгі дүние тарихынан «қолдан қанат жасап ұшып, тым биікке көтерілгендіктен қанаттарды желімдеуге […]
Білікті басшы. Ұйымшыл ұжым. Үздік мектеп…
Шымкент қаласындағы «Асар» мөлтекауданында орналасқан №90 мектеп жайлы қалалықтар жақсы білсе керек. Өйткені, бұл білім ұясында оқитын, түлеп ұшқан түлектердің жоғары жетістіктерді бағындырып жүргенін көпшілік есітіп-көріп жүр. «Асар» мөлтекауданы тұрғындарының 98 пайызы көрші Өзбекстан, Түркіменстан және Қытайдан көшіп келген қандастардан құралған. Ондағы №90 мектеп 2012 жылы ашылған. Кез-келген ұжымдағы тыныс-тіршілік, ондағы қолайлы немесе қолайсыз ахуал […]









