Басты жаңалықтар Құқық

9,7 миллион теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде жалпы сомасы 9 717,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақтылығын растайтын құжаттардың болмауы немесе тиісті түрде рәсімделмеуі секілді кемшіліктерге жол берілген.

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, барлық қаржылық бұзушылықтар толық көлемде қалпына келтірілді. Сонымен қатар, анықталған заңбұзушылықтарға байланысты жауапты тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылды. Атап айтқанда, мекеме басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Балабиевке 2022 жылғы 5 желтоқсанда ресімделген хаттама негізінде бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, ол 153 150 теңге көлемінде 6 желтоқсанда бюджетке төленген.

Мекеме басшысы А. Искаковқа да 2023 жылғы 3 наурызда екі жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Бұл айыппұл 345 000 теңге мөлшерінде 7 наурызда мемлекет пайдасына өтелген.

Бұл жағдай бюджет қаражатын пайдалану кезінде құжаттық дәлелдемелер мен рәсімдердің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Аталған кемшіліктер мемлекеттік мекемелерде қаржылық тәртіп пен ішкі бақылау тетіктерін күшейтуді талап етеді.

А.Киикбаев,

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит

департаментінің сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік

аудиторы.                                    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *