Өндірісте еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауынан, еңбек тәртібін бұзу салдарынан, техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан және бақылаудың әлсіздігінен өндірістік жазатайым оқиғалар болуы мүмкін. Әрбір жазатайым оқиға технологиялық үрдістерді орындау кезінде туатын қатерлі жағдайдың нәтижесі болып табылады. Кез – келген жазатайым оқиғада көптеген себепші факторлардың арасынан оны тікелей тудырушы факторларды атап өтер болсақ, бұған қауіпті әрекетпен қауіпті жағдай жатады.
Қауіпті әрекет – жұмысшының (оператордың, жүргізушінің, слесарьдың, токарьдың) нақты жағдайдағы кәсіптік қимыл нормасына сәйкес келмейтін әрекет жасауы. Қауіпті жағдай — өндірістік ортаның қабылданған нормаға сәйкес келмейтін әрекет жасауы. Егер қауіпті әрекеттер бүтіндей адамға тәуекелді болса, онда қауіпті жағдайлар машиналардың жіктелмегендігінің салдары болуы мүмкін. Қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшының кездейсоқ оқиғаға ұшырауы өндірісте болған қайғылы оқиға деп аталады.
Егер жұмысшы жұмыс кезінде өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жарақат алса, ол өндірістік жарақаттану деп аталады.Өндірістік жарақаттаануға жұмысшының сол мекеменің көлігімен жұмысқа барар жолда немесе қайтарда алған жарақаты жатады. Ал, жұмысшының мас болуы, ұрлық жасауы кезіндегі , болмаса әкімшіліктің рұқсатынсыз жеке басының қажетін өтеу кезінде алған жарақаты өндірістік жарақатқа жатпайды.
Қоғамдық тапсырмаларды орындау кезінде, адамдарды құтқару кезінде және жұмысқа бару немесе жұмыстан қайтар жолда, яғни жалпы көлікпен жүрген кезінде алған жарақат жұмысқа байланысты деп есептеледі. Жұмыстан бос уақытта алған жарақат тұрмыстық жарақат болады. Еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан жұмысшы жарақат алады. Зақымдануына байланысты жарақаттың келесі түрлері бар:
- еттің созылуы, дененің бір бөлігін жұлып алу,
- буынның шығуы, созып алу,
- қан кету,
- сыну,
- күйік(термиялық,электрлік,химиялық),
- улану(газдан,улы сұйықтықтардан),
- үсу.
Жарақаттар көрінетін белгілермен болуы мүмкін: жара,терінің жырылуы,ашық сынулар.Сондай-ақ көрінбейтін белгілер:газдармен улану, электр тогының соғуы,бастың шайқалуы. Жарақаттар жеке (бірғана адамның жарақаттануы) және топтық (бір уақытта екі және одан көп адамдардың жарақаттануы) болады. Адам ағзасының зақымдалуы дәрежесіне қарай өндірістік жарақаттар 4 топқа бөлінеді:
1)Кішкентай жарақат еңбекке қабілеттілігін жоймайтын, адам тересінің зақымдалуы
2)еңбек қабілетінен уақытша айыратын,жұмысшының денсаулығы емдеуді қажет ететін жарақат.
3)ауыр денелермен зақымдалған, еңбекке қабілеттілігі(кәсіптік) уақытын ұзақ уақытқа жойылуы және басқа жұмысы уақытша немесе тұрақты ауысуы.
4)өлім тудырумен аяқталған жарақат.
Өндірістік жарақат жұмысшыға әлеуметтік және экономикалық, физиологиялық және моральдық әсерін тигізетінін айта кету керек. Әлеуметтік зиян-адам денсаулығының нашарлауы және еңбекке қабілеттінің төмендеуі; мамандығына, жұмысына деген қызықпаушылықтың проблемасы; ұжымда әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастың нашарлауы. Бұдан басқа өндірістік қайғылы жағдайдан зақымданушы моральдік және психофизиологиялық зияндарды басынан өткізеді.
Экономикалық зиян-оқиға болған мекемеге немесе тұтас алғанда халық шаруашылығына әкелетін материалдық шығындар. Моральдік зиян-бұл жеке жарақаттанғанның немесе өліммен аяқталатын жағдайларда ештеңемен орнын толтыра алмайтын жарақатпен байланысты. Психофизиологиялық зиян— жарақаттанған адамның орнына келуіндегі бірнеше күн ішіндегі зиян болып саналады.
Бірнеше жыл ішіндегі өндірісітік жарақат алудың себептерін талдау, қауіпсіздік ережелері мен шараларын қасақана бұзушыларды анықтау, қауіпсіздік техникасының күйін тұрақты бақылау, еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау саласында қол жеткізген табыстары үшін жұмысшалар мен инженер – техникалық қызметкерлерді моральдық әрі материалдық ынталандыру, әрбір жазатайым оқиғаны залал шеккен адамды қатыстыра отырып мұқият текеру әрі талдау жасау өндірістік жарақат алуды азайтудың негізгі жолдары болып табылады.
Сонымен қатар, еңбекті жоғары сапалы ұйымдастыру, айқын нұсқау беру, жұмысшыларды жүйелі түрде қайта даярлау мәселелерінің маңызы ара түспек. Еңбекті ұжымды түрде (цех, бригада, учаске) ұйымдастыру кезінде жарақат алу себептерін сақтандыру оңай, өйткені әрбір қызметкер жолдасының қарауында болады, егер қандай да бір қателік жіберілсе ол дереу түзетіледі.
Еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау мәселелеріне ұйымдастыру-техникалық шараларымен қатар адамның психикалық – физиологиялық ерекшелігі, жұмыс уақытын пайдалану дәрежесі факторлары жатады.
Г. Б. Керимбаева,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы.