Қыстың бірінші айы да басталып кетті. Оңтүстік өңірінде желтоқсанның ауа райы қандай болады? Бұған байланысты «Қазгидромет» республикалық ауа райын болжау орталығы мынадай болжам жасап отыр:
Желтоқсан айында ауаның орташа температурасы -5,2+0,9 градус аралығында, қалыпты деңгей шамасында болады.Сондай-ақ жауын-шашынның айлық мөлшері де қалыпты деңгей төңірегінде болмақ. Бірінші онкүндіктің соңында қар жауады деп болжануда. Айдың екінші онкүндігі жауын-шашынды күндерімен ерекшеленеді. Жауын-шашын үшінші онкүндіктің соңында да күтіледі.
Айдың ортасында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел тұрады. Екінші онкүндіктің соңында бұрқасын болуы, бірінші, үшінші онкүндіктердің басында және соңында, екінші онкүндіктің ортасында тұман түсуі мүмкін. Бірінші және үшінші онкүндіктердің соңында көктайғақ күтіледі.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде0-5 градустан -15-20 градусқа, күндіз +3+8 градустан -3-8 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік аумақтарда температура түнде +5 градустан -10 градусқа дейін, күндіз +11 градустан +2 градусқа, таулы аудандарда күндіз 0 градустан -11 градусқа дейін төмендейді.
Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -15-20 градустан 0-5 градусқа, күндіз -3-8 градустан +3+8 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстік аумақтарда температура түнде -10 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +2 градустан +11 градусқа, таулы аудандарда түнде -20 градустан -10 градусқа, күндіз -11 градустан 0 градусқа дейін жоғарылайды.
Содан кейін ауа температурасы түнде 0-5 градустан -7-12 градусқа дейін, күндіз +3+8 градустан -1-6 градусқа дейін ауытқиды. Оңтүстік аумақтарда температураның түнде +5 градустан -2 градусқа дейін, күндіз +11 градустан +4 градусқа, таулы аудандарда түнде -10 градустан -17 градусқа, күндіз 0 градустан -11 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.
Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде -2-7 градусқа дейін, күндіз -1+4 градусқа дейін жоғарылауы болжанып отыр. Оңтүстік аумақтарда түнде +1 градусқа, күндіз +7 градусқа, таулы аудандарда түнде -10 градусқа, күндіз -4 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі.
Д. НҰРПЕЙІС.
