Uncategorized Біле жүріңіз

Cанитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де заңды және жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі.

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін алу мақсатында мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары пайдаланылады, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 30.12.2020 жылғы № 336/2020 бұйрығымен бекітілген

1. «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары»

 2. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары»;

 3. «Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары»; 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері мына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетеді. www.egov.kz, www.elicense.kz Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды не көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызмет көрсету:

Cанитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасына, 19-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы негізінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі — 10 жұмыс күні);

2. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық- қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

 3. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі — 5 жұмыс күні); Қызметке тапсырыс беруші құжаттардың толық топтамасымен танысып, электрондық цифрлық қолтаңбасымен өтініш түсіреді.

 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:

—  көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық болмауы немесе ондағы деректердің анық еместігі, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда;

— ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін түрде көрсетіледі.

 Мемлекеттік қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, ал порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: — нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші болуы; санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі — өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Н.М.Сарсенбаев,

Шымкент қаласы Абай ауданының СЭББ басшысының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *