«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары А-2 автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарының сапасын тексерді.
Тексеру «Қорғас – Алматы – Шымкент – Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолының Шымкент қаласын айналып өтетін, Бадам өзені арқылы өтетін көпірден Шымкент–Ташкент автожолына дейінгі учаскесінде жүргізілді. Аталған нысан – жобаның V кезеңі.
Тексеру кезінде мамандар асфальтбетон қабатының сапасына ерекше назар аударды. ПК 234+00 – ПК 250+00 аралығынан жол жамылғысының екі керн үлгісі алынып, зертханалық сынаққа жіберілді.
Шығу барысында асфальтбетонның нығыздалу коэффициенті мен суға қанығу көрсеткіштерін анықтау үшін үлгілер алынды. Бұл нәтижелер жол жамылғысының сапасы мен беріктігін бағалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта алынған үлгілер зертханада тексерілуде. Сынақ нәтижелері бойынша тиісті қорытынды жасалады.
Тексеру жұмыстарына «Прогресс KZ» ЖШС учаске басшысы Мақсат Чалабаев және «ЮжКазЭксперт» ЖШС техникалық қадағалаушысы Виталий Лысенко қатысты.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
