Н.Назарбаевтың Президент кезінде Жолдаулар саны 19, кейбір ақпараттарда 20-ға жеткені айтылады. Ал, Қасым‑Жомарт Тоқаев 2019 жылдан бері халыққа биыл 7-ші Жолдауын жолдады.
Жолдауларға жүк болған мәселелердің барлығы мемлекеттің мүддесі, елдің болашағы үшін жасалып отырғаны белгілі. Егер осы айтылғандар толықтай жүзеге асса, қазіргі күйіміздің өзі ел қызғарлықтай дәрежеде болар еді. Өкінішке қарай, жергілікті жерлерде осы Жолдауларда айтылған тапсырмалардың орындалуы кемшін тартып жатады. Себебі оны кімнің бақылайтыны белгісіз.
«Осы Жолдаулардан қандай нәтиже шығуда?» деген сұраққа жауапты кешегі Жолдауда басты тақырыпқа айналған — жасанды интеллект арқылы іздеп көрдік. ЖИ Жолдауда айтылғандардың 55-60 пайызы ғана жүзеге асып жатқанын көрсетті. Бұл тым аз. Жолдауды болашағымызға бағыт берер бағдаршам десек, оның орындалуы 100, кем дегенде 90 пайызға жетуі тиіс. Бұл меже Президентпен қатаң бақылануы және жауапты адамдар тарапынан елге есеп беріліп отырылуы қажет. Бәлкім сонда Жолдаудың халық алдындағы маңызы, құны қазіргіден әлдеқайда жоғары болар ма еді?!
Әбдіманап Жандаров,
Жетісай ауданы.
