Конго-Қырым геморра- гиялық қызбасы — тромбогеморрагиялық
синдроммен сипатталатын аса қауіпті жұқпалы ауру.
Ауру кененің шағуы, тістеуі арқылы, сонымен бірге науқасқа күтім жасағанда қаны арқылы, медициналық манипуляция кезінде, кенені езгенде, малдарды қырыққанда, терісімен, жүнімен жұмыс істегенде жұғуы мүмкін.
Аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығы 14 күнге дейін созылады. Науқас адамның қаны арқылы жұққанда 9 күнге дейін созылуы мүмкін. Аурудан сақтану үшін кенені қолмен ұстауға, езуге болмай ды. Денеге жабысқан кенені пинцетпен жаймен алу қажет. Кене шаққанды байқасаңыз міндетті түрде емханаға барған дұрыс. Мал қорадан келген соң киімдерді қағып, оны мұқият қарап шыққан абзал. Малға қарағанда арнайы сақтану киімдерді киіп, кене шақса ол жерді йод ерітіндісімен сүрту керек. Қой қырқымы кезінде қолға қолғап, үстіңізге арнайы киім киген жөн.
Қазіргі маусымдылық кезінде үйіңізде бір адамнан ешқандай жарақатсыз, себепсіз дене қызуы 2-3 күннен аса көтерілсе, мұрнынан, аузынан қан кетіп жатса (көбіне малға күтім жасайтын адамдарда), тез арада дәрігерге көріну керектігін ұмытпаңыз.
Е. Бөкшебаев,
«Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының эпидемиолог дәрігері.
