Әлеумет Қоғам Мәселе

Қысқа қайырғанда…

Шымкент қалалық Цифрлық басқармасы тарапынан шалғай орналасқан тұрғын алаптар мен шағынаудандарды оптикалық желі арқылы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қазір 31 елдімекен талшықты оптика желісімен толық қамтылып, 210 мың тұрғын интернетке қол жеткізді.

«СпецАвтоматикаСервис» компаниясы тарапынан Жұлдыз, Жалын елді мекендеріне кең жолақты интернет желісі тартылып, 500 тұрғын үй қамтылды. Ендігі кезекте компания тарапынан Игілік, Жаңаталап елдімекендеріне жыл соңына дейін талшықты оптика желісін тарту жоспарлануда.

                   ххх ххх ххх ххх ххх ххх ххх ххх ххх

 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр. Олардың қатарында электромобильдер шығаратын және ағын суларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін цифрлық жабдықтар шығаратын зауыт салу туралы алдын ала келісімдер, сондай-ақ қаланы көріктендіруге бағытталған жобаларды әзірлеу, қолданысқа енгізу туралы меморандум бар.

Жуырда қала әкімі инвесторларды аумағында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отырған «Жұлдыз» индустриалды аймағымен таныстырды. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған. Бұл меморандумдар Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында электромобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетін стратегиялық маңызды қадам саналады. Қала басшысы инвесторларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *